Accessibility links

Украинадағы соғыс: 18-24 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз:

  • Ресей зымыраны Одессадағы көп қабатты тұрғын үйге түсті. Президент Зеленскийдің айтуынша, 8 адам қаза болған, арасында үш айлық нәресте де бар.
  • Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірде Киев метрополитенінде баспасөз жиынын өткізді. Ол Ресей бақылауға алған аумақты Украина көп ұзамай қайтарады деді.
  • 24 сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барады.
  • Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" крейсерінде адам шығыны болғанын алғаш рет мойындады.
  • Молдованың сыртқы істер министрлігі жуырда жарияланған Ресей әскерінің жоспарына алаңдаушылық білдірді. Онда Молдова да аталған еді
  • Мариуполь маңындағы Виноградное елді мекенінен бауырластар зиратына ұқсас орын анықталды.
  • Путин БҰҰ бас хатшысымен кездеседі.

19 сәуір. Осы кезге дейінгі негізгі ақпараттар:

  • Ресей әскері ұзақ Донбаста шабуылды бастады, олар бұған бірталай уақыт дайындалған. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді.
  • БАҚ пен әлеуметтік желілерде Қара теңізде батып кеткен, Ресей әскери теңіз флотының флагманы болған "Москва" крейсері экипажының қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен мүшелері жайлы деректер жарияланып жатыр. Ресей қорғаныс министрлігі крейсер экипажынан қанша адам қаза тауып, қаншасы жоғалып кеткенін айтпай отыр.
  • Әлеуметтік желіде "Москва" крейсерінің өртенген сәті" деп сипатталған суреттер тарады. Кремль өкілі ол фотоларды көргенін, бірақ нақты сол кеме деуге келмейтінін айтты.
  • Украина қауіпсіздік қызметі Виктор Медведчуктың Украина президенті Владимир Зеленскийге және өзінің байырғы тамыры Ресей президенті Владимир Путинге видеоүндеуін жариялады. Медведчук өзін Ресей әскері қоршап алған Мариупольде бекінген украин әскерилері мен жергілікті тұрғындарға айырбастауды сұрап, өтініш айтқан.
  • Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресейдің Украинадағы іс-қимылы, соның ішінде Мариуполь мен басқа да елдімекендерді жермен-жексен қылып шабуылдағаны Ресей армиясының 1999 жылы Шешенстанда және 2016 жылы Сирияда жүргізген соғысына ұқсас деп мәлімдеді.

"Нұрлан бауырым, украин белсендісін неге қорладың?"

Ресейдегі қазақ стендапер Нұрлан Сабуровтың 17 сәуірде Нью-Йоркте өтіп жатқан концерті кезінде Free Kazakhs құқық қорғау ұйымының жетекшісі Ғани Стамбек сұрақ қойды.

Белсенді Ғани Стамбек Сабуровқа: Нұрлан бауырым, украиналық белсендіні неге қорладың?
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

Бірер күн бұрын әртістің Сан-Францискодағы концерті кезінде көйлегіне қызыл бояу жағылған украин әйелі сахнаға шығып, перфоманс жасаған. Ол қызыл бояуды Украинадағы соғыс құрбандарының төгілген қаны деп түсіндірген. 

Күзетшілер әйелді сахнадан күштеп қуа бастады. Ал Сабуров қызыл бояу туралы "Бұл етеккір ме? Не болып жатыр?" деп әзілдеген. Бұл сөзі үшін әртіс көптің сынына қалды.

Ғани Стамбек Сабуровтан "Неге украин белсендісін қорладың?" деп сұраған. Видеоға қарағанда, стендапер сұраққа жауап бермеген. Бірнеше күзетші Стамбектің қолын қайырып, залдан шығарып жіберді. Белсендінің Азаттыққа айтуынша, сөйлетпеу үшін күзетшілер қолымен оның аузын басқан. Денесінде жырылған іздер бар. Бұған дейін Лос-Анжелестегі концерті кезінде көрерменнің бірі Сабуровтан Украинадағы соғыс туралы неге үнсіз отырғанын сұрап еді. Стендапер "соғыс туралы айтуға именемін" деген.

Кременская қаласы үшін шайқас жүріп жатыр

Луганск облысында Ресей әскері басып алған Кременская қаласы үшін шайқас үш күннен бері жалғасып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың "Донбасс. Реалии" жобасына Кременский әскери әкімшілігінің басшысы Александр Дунец мәлімдеді. 

"Олардың әскери күші әлдеқайда басым, взводтан кіші бір бөлімшесінде 43 бронтехника, яғни, танкі, БТП және ракета ататын көлік бар. Кейбір бөлігі жойылды, бірақ бәрі емес. Қазір қала шетінде қақтығыс жалғасып жатыр. Ресейліктер көзіне көрінген көліктерді атып жатқанын білеміз. Олар қаладан қауіпсіз жерге кетіп бара жатқан бейбіт тұрғындардың көлігін атқаны жайлы хабар бар" деді ол. 

Бұған дейін Луганск облысы басшысы Сергей Гайдай ресейлік әскерилер қаладан шығып бара жатқан бейбіт тұрғындарды атып, төртеуі қаза болғанын, біреуі жараланғанын айтқан. 

Украина полициясы: 1100-ден астам адам жоғалып кетті

Ресей әскерінің бақылауында болған және бақылауындағы аймақтарда 1100-ден аса бейбіт тұрғын жоғалып кетті деп мәлімдеді Украина тергеу полициясы бастығының орынбасары Сергей Пантелеев. 

Украина полициясы осы жағдайға байланысты 900 іс қозғағанын, 544 адамның бас бостандығын заңсыз шектеу бойынша фактіні құжатқа тіркегенін мәлімдеді.

Пантелеев Ресейдің бақылауынан босатылған және қазір оккупацияланған аймақтарда 2750 бейбіт тұрғын қаза болғанын, опат болғандар арасында 157 бала барын хабарлады. 18 сәуір таңертең Украина бас прокуратурасы соғыс басталғалы елде 205 бала қаза тапқанын мәлімдеген. 

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден тексеру өте қиын. 

Тағы

XS
SM
MD
LG