Accessibility links

Шерушінің мәйіті орманнан табылды


Мәйіті орманнан табылған азамат – сейсмолог-ғалым Юрий Вербицкий. Сурет әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.
Мәйіті орманнан табылған азамат – сейсмолог-ғалым Юрий Вербицкий. Сурет әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Осыған дейін бейбіт түрде жүріп жатқан «Еуромайдан» акциясы өткен апта қайта ушығып, қан төгілді. Наразылық шарасына қатысып жүрген азаматтың сүйегі қаңтардың 22-сі күні Киев маңындағы орманнан табылды.

Мәйіті орманнан табылған азамат – сейсмолог-ғалым Юрий Вербицкий. Болжамдарға қарағанда, оны әлдекімдер ұрлап әкетіп, өлімші етіп сабап, орманға апарып тастаған.

ШЕРУШІЛЕРГЕ ШАЙ ТАСЫҒАН ҒАЛЫМ

50 жастағы Вербицкий - альпинизммен де шұғылданған адам, бір қыз өсіріп жеткізген қамқор әке. Вербицкий «Украина Еуропа Одағына қосылуы керек» деген позицияны қатты қолдаған. Украина билігі Еуропа Одағымен серіктестік шартына қол қоюдан бас тартқан соң (2013 жылдың қарашасы – ред.) үкіметтің бұл шешіміне қарсылық танытқан ол Киевтің орталық алаңында наразылық білдіріп жатқан жұртқа екі ай бойы ыстық шай тасумен болған.

Сәрсенбі күні оның денесі Киев маңындағы орманнан табылды. Мәйітті тексергендер «Вербицкийді өлерден бұрын азаптаған» дейді. Оның қабырғалары сынған, ал қолында және киімдерінде скотч ізі бар.

Вербицкийдің немере қарындасы Оксана Вербицкая:

- Бұл – жан түршігерлік оқиға. Бейкүнә адамдарды неге осындай жауыздықпен өлтіріп жатқандарын түсінбеймін, - дейді.

«АУРУХАНАДАН ҰСТАП ӘКЕТКЕН»

Юрий Вербицкий досы – оппозициялық журналист, әрі екі айға созылған наразылық шараларын ұйымдастырушылардың бірі Игорь Луценкомен бірге қаңтардың 21-інен бері жоғалып кеткен еді.

Тісі сынып, көзі көгерген, өңі қашқан Луценко жоғалған күннің ертесінде табылды. Оның айтуынша, Вербицкий қаңтардың 22-сі күні Киевтегі демонстранттар мен арнайы жасақ қақтығысы кезінде көзінен жарақат алған.

Шерішулер мен арнайы жасақ қақтығысы. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Шерішулер мен арнайы жасақ қақтығысы. Киев, 22 қаңтар 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Екеуі жергілікті ауруханаға Вербицкийдің жарақатын емдетуге барғанда оларды сол жерден белгісіз біреулер ұстап алып кеткен. Луценконың айтуынша, әлгілер оларды минивэнге (шағын фургон – ред.) салып алып, Киев маңындағы бір орманға алып келген. Қылмыскерлер орманда иесіз қалған үйге екеуін бөлек қамап ұстаған.

Луценконың басына қап кигізіп, жүресінен отырғызып, ұрып-соққан. Украинаның ішкі істер министрлігі «кісі ұрлау әрекетіне қатысымыз жоқ» деп мәлімдеді. Ал Луценко «азаптаушылардың полициямен қатысы бар» дейді.

«КІСІ ҰРЛАУШЫЛАР»

Украинаның Hromadske.TV телеарнасына берген сұхбатында Луценко:

- Бұл әрекеттің полицейлер стилімен жасалғаны айдан анық. Олар бізді барынша тергеді. Сосын менен «Еуромайдан» акциясы қалай ұйымдастырылып отырғанын және оны кім қаржыландыратынын сұрады. Менің ойымша, президент Янукович және оның жанындағылар ақпараттан кенде болып отырған жоқ. Қаласа, олар ақпаратты түрлі көздерден ала алады, - деді.

Соңында Луценконы босатқан. Ал Вербицкий қаза тапты. Бұл жантүршігер қылмыс шерушілер мен журналистер арасында үрей туғызып, 2000 жылғы Гонгадзе оқиғасын еске түсірді. Сол жылы белгілі журналист Георгий Гонгадзенің денесі Киев түбіндегі орманнан табылған еді.

Өткен айда Гонгадзе ашқан газетте жұмыс істейтін журналист – Татьяна Черновилді біреулер көліктен күшпен шығарып алып, қатты соққыға жығып кеткен.

Азаттық радиосының тілшісімен бірге тағы бірнеше ақпарат құралының өкілдері «Еуромайдан» белсенділерінің наразылық шаралары туралы хабар таратып жүріп жарақат алды.

Киевте Азат Еуропа/Азаттық радиосы Украин қызметінің екі журналисі соққыға жығылып, полицияға ұсталып, кейін босатылды. Тілші Дмитрий Баркарь мен оператор Игорь Исхаковтың айтуынша, арнайы жасақ оларды кәсіби міндеттерін атқарып жүрген кезде ұрып-соққан.

Киевте Азаттық тілшілері соққыға жығылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:19 0:00

(Клэр Бигтің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей)
XS
SM
MD
LG