Accessibility links

Facebook-тегі Like түймесі және АҚШ конституциясы


Facebook әлеуметтік желісін көріп отырған адам. Германия, 2 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Facebook әлеуметтік желісін көріп отырған адам. Германия, 2 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ конституциясындағы сөз бостандығы құқын қорғайтын баптың интернетте пікір білдіруге қатысы бар-жоғы дау тудырды. Өйткені АҚШ судьясы таяуда ғана Facebook ісіне қатысты шешім шығарған еді.

Кейбір елдерде бір нәрсеге байланысты пікір білдіру үшін бас бармағыңызды жоғарыға қаратсаңыз – «иә», ал төменге қаратсаңыз «жоқ» деген мағынаны білдіреді.

Бұл түсінікті қимыл болғандықтан Facebook әлеуметтік желісінде жарияланатын хабарламаларды Like («Ұнайды») түймесі жоғарыға қаратылған бас бармақ белгісімен көрсетілген.

Facebook-те бір суретті немесе пікірді, тіпті басқа адамды ұнатсаңыз, онда Like түймесін басу арқылы пікіріңізді білдіре аласыз.

ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛҒАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

АҚШ судьясының Facebook ісіне қатысты шешімі шериф кеңсесі қызметкерлерінің арызына орай шығарылды.

Қызметкерлер сайлау барысында өз басшыларының саяси қарсыласын қолдағандары үшін жұмыстан босатылғандарын айтады.
Facebook-тегі Like түймесі.
Facebook-тегі Like түймесі.


Жұмысшылардың бірі бастықтарына қарсылас адамның Facebook парақшасындағы Like түймесін басқан екен. Қайта сайланған шериф ол қызметкерлерді «жұмысы қанағаттанғысыз болды, кеңседегі үйлесім мен тиімділікті бұзды» деген қисынмен жұмыстан шығарып жіберген.

Судьяның шешіміне қарағанда, «егер сот Facebook-тегі Like әрекеті конституция бойынша қорғалады деп тапса ғана, жұмысшының әлгі түймені басқандығы туралы шерифтің білгені маңызды мәселе болады».

«Facebook-тегі Like түймесін басу конституция бойынша қорғалатын сөз еркіндігі емес» дейді сот үкімі.

ДАУҒА АЙНАЛҒАН LIKE ТҮЙМЕСІ

Бірақ Вирджиния штатындағы судья «Facebook-тегі Like түймесін басу – АҚШ конституциясы алғашқы толықтыру бабындағы қорғалған сөз бостандығы емес» деген шешім шығарған соң осы қарапайым түйме даулы мәселеге айналды. Заңгер ғалымдар соттың шешімін мойындамай отыр.

– Бұл жердегі негізгі мәселе – «Facebook-тегі Like түймесін басу ой-пікір айтуды білдіре ме, жоқ па?» деген сауал. Меніңше, адамдар сол түймені басу арқылы
Facebook белгісі бар баннер ұстап тұрған оппозиция жақтастары. Мәскеу, 13 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Facebook белгісі бар баннер ұстап тұрған оппозиция жақтастары. Мәскеу, 13 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
анық пікір білдіреді. Компьютеріңізде «мен Х кандидатты ұнатамын» деп жазғаныңыз сияқты, Like түймесін басу арқылы соны ұнатып отырғаныңызды білдіресіз. Мұнда ешқандай айырмашылық жоқ. Сіз «мен нақты бір үміткерді ұнатамын» дегенді білдіресіз. Конституцияның алғашқы толықтыруында дәл осы мәселе нақты қорғалған, – дейді азаматтық бостандықтарды қорғайтын америкалық одақтың адвокаты Аден Файн.

Гарвард университетінің интернет және қоғам бойынша Беркман орталығындағы сандық бұқаралық ақпарат құралдары заңы жобасының директоры Джефф Херместің айтуынша, «Сіз өз сөзіңізбен бір нәрсені айтсаңыз, ол – конституция бойынша қорғалған пікір білдіру еркіндігіңіз. Бірақ Like деген түймені басып, біреу айтқан сөзді қабылдағаныңыз конституция бойынша қорғалмаған».

– Меніңше, бұл дұрыс талдау емес. Судья осылай жасау оңай болғандықтан шешім шығарып отыр. Алайда басқа соттар, оның ішінде АҚШ жоғарғы соты тіпті өте қарапайым әрекеттер арқылы пікірді жеткізуге болатынын мойындайды. Мәселен, ешбір сөзді пайдаланбай, петицияға қол қоюды мысалға алайық. Сіз біреудің сөзін қабылдайсыз, бірақ бұл сіздің сол петициядағы мәселені қолдайтыныңызды білдіреді, – дейді Джефф Хермес.

Херместің айтуынша, «жоғарғы сот тіпті ту өртеуді – заңмен қорғалатын қорғалатын сөз еркі, ал жеңге қара шүберек тағуды – наразылық белгісі деп мойындаған».

Сот практикасын бақылаушылардың айтуынша, Facebook-тегі Like түймесіне қатысты мәселе – апелляциялық шағымдануға келетін іс.

(Мақаланы ықшамдап аударған – Саида Бабамқожа).
XS
SM
MD
LG