Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Pfizer вакцинасы келесі аптада жететінін айтты

Pfizer компаниясы Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинасын 14 қарашаға дейін жеткізуге уәде берді. Бұл жөнінде бейсенбі күні журналистерге денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов хабарлады.

"Pfizer вакцинасы 8-14 қараша аралығында жеткізілуі тиіс" деді Шоранов. Оның сөзінен Vlast сайты үзінді келтіреді.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Pfizer арасында жасалған келісімге сай екпе тасымалданады. Елге 4 млн вакцина жеткізіледі. Ол 2 млн адамға екпе егуге жетеді.

6 қазан күні денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы Pfizer екпесінің 4 миллион дозасын елге жеткізу бойынша келісім жасалғанын хабарлаған еді. Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer - ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге салынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

АҚШ-та Pfizer/BioNTech вакцинасын 5-11 жастағы балаларға сала бастайды Қазақстанға Pfizer бір айдың ішінде келеді. 2022 жылдан бастап шетелдік екпелер ақылы болмақҚазақстанда ревакцинация қараша соңында басталады, биыл 600 мың адам қосымша доза салдыруы тиісPfizer 5-11 жастағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салуға рұқсат сұрадыЦой: Pfizer екпесінің 4 млн дозасын елге жеткізу бойынша ақырғы келісім жасалды