Украинаның Часов Яр қаласында соққыдан көп қабатты үй қирады. Үйінді астында ондаған адам қалған болуы мүмкін

Соққыдан бір бөлігі қираған тұрғын үй. 10 шілде 2022 жыл.

Украинаның Донецк облысы Часов Яр қаласында Ресей әскерінің соққысынан бес қабатты үйдің бір бөлігі қираған. Үйінді астында ондаған адам қалған болуы мүмкін.

Донецк облысы әскери әкімшілігінің жетекшісі Павел Кириленко құтқару операциясынан суреттерді жариялады. Оның сөзіне қарағанда, екі подъезд толық жойылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйінді астында 30-дан астам адам қалған болуы мүмкін.

Кириленконың хабарлауынша, әзірге үйінді астынан жараланған бес адам құтқарылған, 6 адамның мәйіті табылған. Құтқару операциясы жалғасып жатыр. Ғимаратқа "Ураган" қондырғысынан соққы жасалған деп айтылады.

Ресей қорғаныс министрлігі осыған дейін Часов Яр ауданында "Ресей әуе ғарыш күштерінің жоғары дәлдікпен ататын қаруы 155 милиметрлік америкалық М777 зеңбірегі сақталған тұрақ пен 30-ға дейін украин содырларын жойды" деп мәлімдеген.

Часов Яр қаласы қазір Ресей әскері шабуылдай бастаған Бахмут қаласының батысына қарай шоғырланған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Батыс елдері Украинаны қалай қолдауы керек? Америка генералымен сұхбатРесей елшісі: Мәскеу Украина оңтүстігінен әскерін әкетпейді"Үлкен жиырмалық" кездесуі: Дипломаттар Ресей басқыншылығына байланысты ортақ мәмілеге келе алмай тарастыПутин: Ресей Украинада әлі ештеңе бастай қойған жоқҚираған Лисичанск: Украина шығысындағы тағы бір қала Ресей бақылауына өтті