Грузияның үкіметтік емес ұйымдары биліктен Ресеймен визасыз режимді алып тастауды талап етті

Грузияның жиырмаға жуық үкіметтік емес ұйымы Ресеймен визасыз режимді алып тастауды талап етіп, үндеу жариялады.

Үндеу авторлары Ресейден туристер ағылып жатқанын, сонымен бірге батыс санкцияларынан қашқан кәсіпкерлер Грузияға қоныс аударып жатқанын мәлімдеген.

Ресми мәліметке қарағанда, биыл наурыз бен шілде аралығында 350 мың Ресей азаматы Грузияға көшіп келген. Олар Тбилиси мен Батумиден төрт мыңға жуық пәтер сатып алған, 6,5 мың кәсіпорын ашқан. 14 мыңға жуық адам Грузияда тұруға ыхтиярхат алған.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері ресейліктердің жаппай экспансиясы Грузия тәуелсіздігіне қауіп төндіреді деп дабыл қағады.

Үндеу авторлары Мәскеу ресейліктердің көбін пайдаланып, әскерін кіргізуі мүмкін дейді.

Билік басындағы "Грузин арманы" партиясының жетекшісі Ираклия Гарибашвили ресейліктердің жаппай келуінен ешқандай қауіп көрмейтінін жеткізді. Ол керісінше елде туризм өсіп, мыңдаған жұмыс орны ашылып жатыр, бұл кедейшілікпен күресуге көмектеседі деді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соғыс басталғалы бері Ресей азаматтары Грузиядан шамамен 4 мың пәтер сатып алғанЛатвия сеймі Ресейді "терроризмге демеуші болып отырған ел" деп таныды"Ойлағандары - өлген Советті тірілту". Медведев аккаунтындағы даулы постқа реакцияБатыс елдері Украинаны қалай қолдауы керек? Америка генералымен сұхбатҚазақстан Украинаның кебін құшуы мүмкін бе? Қазақстан ірі астық экспорттаушыға айнала ала ма?