Путин Wildberries қоймаларына шабуылдардың "айтарлықтай салдары жоқ" дейді

Ресей президенті Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин Wildberries қоймаларына шабуыл жайлы алғаш рет мәлімдеме жасап, соққылардың "айтарлықтай салдары жоқ" деп мәлімдеді.

"Мұндай шабуылдардың айтарлықтай салдары жоқ, болған емес және болмайды да. Бірақ, әрине, зиянын тигізіп жатқаны анық. Мұны түсінеміз және көріп отырмыз, білеміз" деді ол Ұлттық жобалар және стратегиялық даму кеңесінің отырысында.

Шілдеден бері Украина Ресейдің қалаларындағы Wildberries қоймаларына соққы жасап, бірнеше адам қаза тапқан. Шабуыл салдарынан компанияның ірі қоймалары өртенген еді. Бұған дейін Wildberries қоймаларына шабуылдан 6 млрд доллардың тауары жанып кеткені айтылған еді. Бұл – Ресейдегі ірі бір облыстың бюджеті.

Reuters агенттігі спутниктен түсірілген суреттерді талдап, маркетплейс Ресейдегі қоймаларының шамамен 20 пайызынан айырылған болуы мүмкін деген қорытынды жасады.

Спутник суреттері ресейлік Wildberries қоймалары қаншалық бүлінгенін көрсетті

Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Wildberries қоймалары санкцияға іліккен заттарды, дрон шығаруға қажет бөлшектерді, навигация жабдықтарын және өзге де әскери мақсаттағы өнімдер жеткізуге пайдаланылып отыр деп мәлімдеген.

Украина дрондарының шабуылынан шығынға ұшыраған Wildberries тауарларын Өзбекстан, Беларусь және Қазақстанда сақтау жағын қарастырып жатқаны айтылған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Украина соққыларынан қоймалары өртенген Wildberries Қазақстанға көз тікті: Астанаға қауіп бар ма?