Душанбе Тегеранмен шикі мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу жайлы келіссөз жүргізіп жатыр

Тәжікстан мен Иран делегацияларының Тегерандағы келіссөзі

Душанбе мен Тегеран Тәжікстанның мұнай өңдеу зауыттарына шикі мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімге келді деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметі (Озоди радиосы).

15 тамызда Тегеранда өткен келіссөзде Тәжікстанның энергетика министрі Далер Жума Иранның мұнай министрі Мохсен Пакнежадпен Тәжікстанға дизель отыны, авиациялық отын және шикі мұнай жеткізу, сондай-ақ тәжік нарығын қамтамасыз ету үшін жеңілдік жасау мүмкіндігін талқылаған. Энергетика министрлігі ол жеңілдіктердің мән-жайын нақтыламады.

Тәжікстанның энергетика министрі Далер Жума екі тарап келісімге келгенін құптады. Тегерандағы келіссөздің тағы бір негізгі тақырыбы мұнай өнімдері мен мұнай тасымалдау және логистика жайына арналды.

"Қазіргі уақытта күллі әлем, әсіресе Тәжікстан, энергетикалық қиындықтарға тап болып отыр. Біз логистика мәселелерін бір мезетте шеше отырып, Ираннан отын жеткізуді арттыруға тырысып жатырмыз", — деген министрдің сөзін келтірген "Азия-Плюс" басылымы.

Тәжікстан сырттан алып отырған мұнай өнімдерінің 90 пайыздан астамын Ресей қамтамасыз етеді. Алайда Ресейдің мұнай өңдеу зауыттары дрон шабуылдарына ұшырай бастағаннан кейін Тәжікстан мен басқа да елдердің жағдайы қиындай түсті. Орталық Азия елдері жанар-жағармай тапшылығын сезініп отыр және Ресейдегі отын дағдарысына байланысты баға да өсіп жатыр. Мәскеу бензин, дизель отыны мен авиакеросинді Ресейден шығаруға тыйым салды. Шілде айының аяғында Орталық Азия елдері мен Әзербайжан президенттері Қырғызстанда бейресми кездесу өткізгенде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азияда ірі мұнай өңдеу зауытын салуды ұсынған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Сонша мұнайды қайдан алады?" Жаңа жанармай зауыттары Орталық Азиядағы тапшылықты жоя ма?

Ресей отынына қатты тәуелді Қырғызстан мен Тәжікстан басқа жақтан жанармай алу мүмкіндіктерін іздей бастады. Олар аймақтағы мұнай өндіретін және өңдейтін көршілері Қазақстан мен Өзбекстанға, сондай-ақ Қытай мен Беларусь сияқты басқа елдерге қолқа салып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Ірі мұнай зауытын салу ұсынысы мен ортақ виза. ОА+Әзербайжан бейресми саммитінде не талқыланды?Анчески: Орталық Азияда ортақ қатерге бірлесе төтеп берудің тиімді жолы жоқРесейдегі жанармай тапшылығы Орталық Азияның энергетикалық тәуелділігін әшкере еттіҚырғызстан Қазақстаннан бензин сұрады"Тәулігіне бір-ақ рет". Энергетика вице-министрі Қазақстанға шеттен көліктердің кіріп-шығуына шектеу қойылғанын айтты