Мемлекеттік тіл саясат тіліне айнала алды ма?

Жазушы, тіл маманы Қанат Тасыбеков (оң жақта) пен журналист Қасым Аманжол AzattyqLIVE хабарында. Алматы, 18 қыркүйек 2019 жыл.

AzattyqLIVE хабарында мемлекеттік тіл тақырыбы талқыланды. Хабарға жазушы, тіл маманы Қанат Тасыбеков қатысты.

Осыдан отыз жыл бұрын, 1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданды. Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл статусын иеленіп, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі ретінде бекіген еді. Кейіннен 1998 жылы сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22 қыркүйекті Қазақстан халқының тілдері күні деп атау жөнінде жарлық шығарған.

Қазақстанда мемлекеттік тіл мәселесі әлі де өзекті, даулы тақырыптардың бірі. Оның саясаттағы, биліктегі, бизнес орта мен қоғамдағы қолданысы туралы түрлі пікір бар.

Қазақстанда мемлекеттік тілді оқыту білім жүйесінде, оқыту бағдарламаларында болғанымен қатар, тілді оқытудың жеке орталықтары ашылып, әдістемелер де ұсынылып жүр. Солардың бірі - "Ситуативный казахский" әдістеме кітабының авторы Қанат Тасыбеков. Ол бүгін AzattyqLIVE хабарына қатысты.

AzattyqLIVE хабарының тікелей эфирде тараған нұсақасын Азаттық сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларынан тамашалай аласыз.