Бакуде полиция адамдарды қалай ұстады?

Your browser doesn’t support HTML5

19 қазанда Әзербайжан астанасы Бакуде полиция ондаған оппозиция белсендісін ұстады. Ұсталғандар арасында оппозициялық "Халықтық фронт" партиясының жетекшісі Әли Керимли де бар. Наразылар саяси тұтқындарды босатып, әділ сайлау өткізуге жағдай жасауды, электр энергиясы, газ қолдану бойынша шектеуді жоюды, жәрдемақыны қайта қалпына келтіруді, Қарабах мәселесін шешуді талап етті. Ресми дерек бойынша, полиция 60-тан астам адамды ұстаған.