Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы сауда биржасының жұмысын бастау рәсіміне қатысып тұр. Астана, 14 қараша 2018 жыл

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

Биліктің міндетін жеке қорлар атқарып жатыр ма?

Қазақстанда соңғы жылдары ондаған отбасы қоғамдық қорлар мен жекелеген азаматтардың көрсеткен жәрдемі арқасында баспаналы болды. Сарапшылардың пікірінше, мұқтаж жандарды билік емес, қоғамдық ұйымдар мен еріктілердің үймен қамтамасыз етуі мемлекеттің әлеуметтік саясатының ақсап тұрғанын көрсетеді.

Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Шағын қаладағы зор проблемалар

Ауасы, топырағы мен су ресурстары ластанған Теміртау тұрғындарын мазалайтын тағы бір экологиялық проблема пайда болды. Қоғамдық экологиялық зерттеу бұған дейін тазартылған Нұра өзенінің алқабында тұрғындар өміріне қауіпті сынап барын көрсетті.

Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Билікке талап қойғандар шырғалаңға түскендерін айтады

"Клуб любителей Конституции" бейресми ұйымының белсенділері Алматы қаласы әкімдігіне көп балалы аналар құрылтайын өткізуге өтініш берген соң қудалауға тап болғандарын мәлімдеді. Оралда қала әкімінің есепті кездесуіне талаптары жазылған плакатпен барған екі белсендінің біреуі үш тәулікке қамалса, екіншісі аурухананың жансақтау бөліміне түсті. Ол полиция ғимаратының үшінші қабатынан өзі құлап кеткен-мыс. Азаттық Алматы мен Оралдағы белсенділердің қызметіне не тоқтау салғанын анықтауға тырысты.

Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Әкімдер жиынында көп балалы отбасылар мәселесін де айтты

20 ақпанда Алматы мен Астанада қала әкімінің тұрғындарға есеп беру жиыны өтті. Алматыда әкім есебі алдында бірнеше белсендіні полиция ұстады. Әкімдер жиындарында көп балалы отбасылардың проблемалары да айтылды. Толығырақ оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Үкімет тарады. Енді не болмақ?

Ақпанның 21-інде Қазақстан президенті үкіметтің отставкасын мақұл көрді. Сарапшылар бұл кабинеттің "әлсіз" болғанын айтты, бірақ неге тарағаны туралы әрқилы пікір білдірді.

Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

"Халықпен жұмыс дұрыс жүрмей тұр"

Ақпанның 21-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Сағынтаев басқарған үкіметті отставкаға жіберген. Сол күні кешкісін ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Арман Евниев Facebook желісі арқылы мемлекеттік қызметтен кететінін жариялады. Министр орынбасарының қызметтен кету туралы арыз жазуына не себеп болды?

Мақаланы оқу үшін мына сілтемені басыңыз.

Үкімет неге отставкаға кетті?

AzattyqLIVE үкімет қызметінің тоқтатылуын саясаткер Әміржан Қосановпен талқылады.