Аптаның үздік жеті хикаясы

Қытайда ұлының "қайта саяси тәрбиелеу лагерінде" қамауда отырғанын айтқан Науатхан Жақып екі жылдан бері хабар үзілгенін айтады. Алматы, 10 қазан 2019 жыл.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Қамалған бала, хабарсыз әке, жоғалған күйеу іздеусіз қала ма?

"Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар жоқ" дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Лагерьде қамауда отырған туыстарының аты-жөнін атап, суретіне дейін көрсеткендер "мұндай мәлімдемеден соң біздің туғандарымыз ескерусіз, іздеусіз қала ма" деп торығады. Толығырақ оқу үшін >>>

"Елбасы қолындағы көзір карта": Сыроежкиннің үкіміне сарапшылар пікірі

Синолог ғалым Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 10 жылға түрмеге қамалды. Азаттық сөйлескен сарапшылар Сыроежкинді Қазақстан азаматтығынан айыруы мүмкін, ал оған қарсы іс президент Тоқаевқа ықпал етудің бір әрекеті болуы ықтимал деп топшылайды. Толығырақ оқу үшін >>>

Билік кешірген кредит біреуді қуантып, біреуді мұңайтты​

Биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 маусымдағы жарлығымен 500 мыңнан астам адамның кредиті кешірілді. Бір реттік акцияны сарапшылар "халықтың көңілін аулау саясаты" деп санайды. Толығырақ оқу үшін >>>

Билік пен бизнестің "қамқорлығындағы" ақындар айтысы​

"Нұр Отан" партиясы айтыс алдында билікті дәлелсіз сынауға, халықты наразылыққа шақыруға болмайтынын ескертеді" дейді айтыс ақыны. Әдебиет зерттеушілері "коммунистік партия айтысты идеология құралына айналдырды, қазіргі билік партиясы да айтысты үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланып отыр" деп санайды. Толығырақ оқу үшін >>>

Омархан Өксікбаев: "Әлеуметтік көмекке тәуелділердің көбеюі бюджетке салмақ салады"

Your browser doesn’t support HTML5

"Бай мен кедей арасындағы айырмашылық жер мен көктей". Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаевпен сұхбат

Парламент мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев Азаттыққа берген сұхбатында үкіметтің әлеуметтік саясаты, көп балалы отбасыларды қолдау, Ұлттық қор қаржысының жұмсалуы, мемлекеттен ұлттық компаниялар мен коммерциялық банктерге бөлінген ақша және басқа мәселелер туралы айтты. Толығырақ оқу үшін >>>

Үкімет төрт балаға - 42 мың, жеті балаға 73 мың теңге төлеуді ұсынды​

Your browser doesn’t support HTML5

Үкімет төрт балаға - 42 мың, жеті балаға 73 мың теңге төлеуді ұсынды

Қазақстан үкіметі жаңа жылдан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақыны жаңа тәсілмен бермек. Ал кейбір тұрғындар "үкімет әйелдерді көп балалы деп алаламай әлеуметтік көмекті барлық балаға бірдей төлесе" дейді.

Қазақ күйлерін қаншалықты білесіз? Музыкалық тестімізді шешіп көріңіз.

Тесті шешу үшін мына сілтемені басыңыз.