Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

Лондондағы күдікті мүліктің бенефициары ретінде Дариға Назарбаеваны атады

Британ сотында Қазақстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы әрі парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваны Лондондағы құны 100 миллион доллардан асатын, күдікті үш жылжымайтын мүліктің иесі деп атады.

Қызылағаш. Тасқыннан кейінгі он жыл

2010 жылы 12 наурызға қараған түні Алматы облысында бөгет жарылып, Қызылағаш ауылын су шайып кетті. Ресми дерек бойынша, 45 адам опат болды. 1857 үйді су алып, оның 631-і қирады. 23 мыңнан аса мал қырылды. Апаттан соң үш адам "қызметіне салғырт қарады" деген айыппен сотталып, кейін амнистиямен босап шықты. Азаттық тілшілері Қызылағаш ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылағаш. Тасқыннан кейінгі он жыл

Құрандағы кірпік, сарымсақ пен су. Коронавирус жайлы жалған ақпарат

Қазіргі кезде 100-ден астам елге тараған коронавирусты әлем бойынша 111 мың адам жұқтырып, 3800-ден астам адам көз жұмған. Және ондайлар күн санап көбейіп жатыр. Қауіпті дерттен сақтану жайлы пайдалы кеңес іздеген жұрт ғаламдық ақпараттық кеңістікте коронавирус туралы тарап жатқан хабарлардың шыны мен өтірігін айыра бермейді.

"Лагерьден соң жұмысқа жегілген" қазақтардың хикаясы

2017-2018 жылдары Қытайдың Шыңжаң өлкесінде саяси тәрбиелеу лагерінде болған этникалық қазақтар лагерьден кейін де мәжбүрлі түрде жұмыс жегілгендерін айтады. Олардың кейбірі "киім тіксе", екіншісі "киімдерді үтіктеумен" айналысқан.

Пандемия деген не және коронавирус қаншалықты қауіпті?

Еуропадан оралған үш қазақстандықтың COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны анықталды. Олардың екеуі Германиядан, біреуі Италиядан келген. Үшеуі де ауруханаға жатқызылған. Бұл туралы билік өкілдері наурыздың 13-і күні хабарлады. Елде вирустан сақтану үшін көпшілік шара өткізуге тыйым салынды. Наурыздың 16-сынан бастап мектеп оқушылары жиырма күндік демалысқа шығып, жоғары оқу орындары онлайн оқуға көшеді. Азаттық коронавирустың жаңа түрі жайлы вирусолог ғалым Айдын Қыдырмановтан сұхбат алды.

Your browser doesn’t support HTML5

Ғалым Айдын Қыдырманов: Коронавирустың келуін болжау - көріпкелдік емес

"Масканы төлқұжатпен алып жатыр". Еуропа мен Кореядағы қазақтар вирус жайлы

Коронавирус көп тараған Италия, Оңтүстік Корея мен Испаниядағы қазақстандықтар Азаттыққа ол елдердегі жағдайды баяндады. Олар Оңтүстік Кореяда медициналық масканы төлқұжат бойынша беретінін, ал Италияның Милан қаласында дүкен, кафелерге кезекпен кіргізетінін айтады.

Коронавирус "ажиотажы": Қазақстанда азық-түлік жеткілікті ме?

Қазақстанда тұрғындар супермаркет пен базарлардан жаппай сауда жасап, азық түлікке кезек байқалды. Бірақ үкімет "тауар қоры жеткілікті, баға бақылауда" дейді. Экономист жақын күндері тауар бағасы қымбаттайтынын айтады.

Your browser doesn’t support HTML5

Коронавирус "ажиотажы": Қазақстанда азық-түлік жеткілікті ме?