Аптаның үздік жеті хикаясы

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Күнделікті қарбалас шаруамен жүргенде Азаттықтағы маңызды мақалаларды, видеорепортаждарды, фотогалереяларды көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.

"Барлық тетік қолында қалды". Назарбаев биліктен "кеткеннен" кейінгі бір жыл

2019 жылы наурыздың 19-ы күні елді отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілетін тоқтататынын мәлімдеді. Сенаттың бұрынғы спикері Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне кірісті. Сенат төрағасы лауазымы Назарбаевтың қызы Дариғаға бұйырды.

Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты. Түрме алдындағы кездесу

Наурыздың 19-ы күні "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шықты. Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған Жәкішевті Семейдегі колония қақпасы алдында елдің әр аймағынан келген ондаған белсенді қарсы алды.

Экономикалық дағдарыс: Қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Коронавирус пандемиясы мен мұнайдың күрт арзандауы экономистер "ерекше" және "терең" деп атаған жаңа әлемдік дағдарысқа әкелді. Қазақстан үкіметі коронавирусқа байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде экономиканың құлдырауына жол бермеу үшін дағдарысқа қарсы шаралар дайындауға кірісті. Азаттық тілшісі дағдарысқа қарсы күрес шараларының тиімділігі, Қазақстан экономикасының қазіргі қиындықтарды еңсеру мүмкіндігі мен монетарлық жүйені қайта қарау қажеттігі туралы экономистердің пікірін білді.

«Дүрбелеңді билік ашықтығы ғана басады». Жұрт фейкке неге сенеді?

Қазақстанда коронавирус анықталмай тұрып та, анықталған соң да мессенджерлерді ондаған фейк ақпарат шарлап кетті. Кейбірін билік ресми түрде жоққа шығарды. Азаттық сөйлескен сарапшы «билік пен БАҚ-қа сенбейтін жұрт фейкке иланады» дейді.

Орталық Азия: коронавируспен күрестегі ала-құла стратегия

Орталық Азия елдері ерте ме, кеш пе, коронавирус осы аймаққа да келетінін білді. Бірақ бес мемлекет жұқпалы дертпен күресте әртүрлі стратегияны қолданып жатыр.

"Вирус пен девальвация соққысы". Қазақстан төтенше жағдайға дайын болды ма?

Қазақстан коронавирустан сақтануды күшейтіп, елде төтенше жағдай жариялады. Вирус қысқан шақта мұнай арзандап, теңге құнсызданды. Жеке кәсіп иелері жұмысшыларын ақысыз еңбек демалысына жібере бастады. Төтенше жағдайдан соң ақысыз еңбек демалысына шыққан тұрғын ертеңгі күніне алаңдайды. Ал сарапшылар коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай мен теңге девальвациясын Қазақстан экономикасына "қатар тиген екі соққыға" теңейді.

Карантинге жабылған Алматының тіршілігі

19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілді. Әскери техника қойылған блокпосттар ешкімді өткізбеуге тырысып жатыр. Қалаға кіре алмай тұрған жұрттың шағымы әртүрлі. Алматы ішінде көлік азайып, тыныштық орнаған.

Your browser doesn’t support HTML5

Карантинге жабылған Алматының тіршілігі