Аптаның үздік жеті хикаясы

Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.

"Жиілеген форумның шығыны жарияланбайды"

2018 жыл Қазақстанда түрлі тақырыптағы форумдардың көптігімен ерекшеленді. Сарапшылардың пікірінше, билік осындай шаралар, әсіресе халықаралық жиындар ұйымдастыру арқылы сыртқы имиджін жақсартуға тырысқанымен, олардың тиімділігі аса сезілмейді. Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлының мақаласын оқи отырыңыз.

2018 жылы хит болған цитаталар

2018 жылы халық арасында қызу талқыланған шенеуніктердің айтқан сөздері есіңізде ме? Тест тапсырып көріңіз.

2018 жылы болған наразылықтар мен ұстаулар

2018 жылы жүздеген қазақстандық түрлі талаппен ондаған наразылық шарасын өткізді. Бірі - "саяси тұтқындарды" босатуды, бірі - cот реформасын өзгертуді талап етті. Кейбір азаматтар биліктің қудалауына шағымданды. Азаттық биылғы митингілер мен пикеттерді шолып шықты.

Құқық қорғаушылар мен омбудсменнің бағасы әртүрлі

Жыл аяғында құқық қорғау ұйымдары Қазақстандағы адам құқығының жағдайына қатысты мәлімдеме жасады. Олар елдегі ахуалды талдап, баға берген. Құқық қорғаушылар жылды қалай қорытты? Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық не дейді?азақстан тәуелсіздік күнін қалай атап өтті? Санат Орын Әлидің мақаласынан оқыңыз.

Қытай консулдығы наразылық хатын қабылдамады

"Ел-аманат" қоғамдық бірлестігінің өкілдері Қытайдағы аз ұлттарға көрсетіліп жатқан қысымға қатысты Алматыдағы Қытай консулдығына наразылық хат тапсыруға барды. Алайда консулдық өкілдері хатты қабылдамады.

Әлеуметтік желіні бақылаудың артында не тұр?

Қазақстан Ақпарат және коммуникациялар министрлігі "ұлттық ақпараттық кеңістікті бақылайтын автоматтандырылған жүйенің" әзірленіп жатқанын мойындады. Бірақ министрлік бұл жүйеге Ресейдің қатысын жоққа шығарды. Сарапшы осы әрекетті "билік транзитіне дайындық" деп санайды. Мәншүк Асаутайдың мақаласынан оқыңыз.

2018 жыл қалай өтті?

Аяқталып отырған жылы Қазақстанның сыртқы саясаты, экономикасы, адам құқықтары саласында қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды? Мемлекеттік билік пен қоғам жыл бойғы маңызды оқиғалар кезінде қандай әрекеттер жасады, қандай жұмыстар атқарылмай қалды, қандай бастамаларға мұрындық болды? AzattyqLIVE тікелей эфирінде сарапшылар Қазбек Бейсебаев пен Мұхтар Тайжан саралады.