Аптаның үздік жеті хикаясы

"Банда" видеосынан кейін реформа талабы қайта күшейді

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған "Біз – бандамыз" дейтін жаңа жылдық құттықтау видеосын түсірген Қарағандыдағы ІІМ академиясының қызметкері жұмыстан қуылды. Сарапшы "бұл – қоғамды сабырға шақыру үшін жасалған амал" дейді. Бұл шулы хикая туралы Аян Қалмұраттың мақаласынан оқып біліңіз.

Шығыны көп "ҚазАгро" зейнетақы миллиардтарын қайтара ала ма?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 450 миллиард теңгесі "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингіне инвестиция ретінде салынды. Кей сарапшылар шығынға батқан компанияға қарызға берілген қаржы қайтпай қала ма деп қауіптенеді. Ал Ұлттық банк холдингтің кредит төлеу рейтингіне сенеді.

"Соғысқа дейінгі латын әліпбиі оңай оқылатын" - Оралдағы кітап көрмесі

Оралда 1929-1940 жылдары қазақ жазуы кириллица графикасына көшпей тұрып қолданылған латын әліпбиіне арналған көрмеге балалар әдебиеті, ғылыми-танымдық басылымдар мен оқулықтар қойылған. Осы көрмеден Петр Троценко түсірген суреттерді қараңыз.

Күрес күшейгенімен жемқорлық дес бермей тұр

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2018 жылы жемқорлық фактілері бұрынғыдан азайғаны туралы хабарлады. Кей сарапшылар "жемқорлықпен күрестің қазіргіден әлдеқайда тиімді жолы бар" дейді. Бұл жайлы Асылхан Мамашұлының мақаласынан оқыңыз.

Сотталған кәсіпкердің жақтастары сотта шу шығарды

Appport атты мобильдік қосымша арқылы Ақтөбеде тауар мен қызмет түрлерін жарнамалау жобасын құрып, жүздеген салымшы тартқан кәсіпкер Қуаныш Жақсыбаев алты жарым жылға сотталды. Сотталушыға кесілген жазаны естіген сәтте оның жақтастары сот залындағы жиhаздарды қиратып, судья мен прокурорды "әділ емессіңдер" деп тілдеді. Оқиғаға куә болған Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсіннің мақаласын оқыңыз.

Күдікті: "Айна алғаным рас, бірақ кісі өлімі болады деп ойламадым"

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен өліміне қатысты сот жалғасты. Сот тыңдауында үш күдікті судья сұрақтарына жауап берді.

Your browser doesn’t support HTML5

Күдікті: "Айна алғаным рас, бірақ кісі өлімі болады деп ойламадым"

Қазақстан - мерекесі һәм демалысы көп ел

​2018 жылы постсоветтік елдер мемлекеттік мерекелерін қалай атап өтті? Қай ел мерекеге орай биыл қанша күн демалғанын санап шықтық. Ол туралы Азаттықтың инфографикасынан танысыңыз.