AzattyqLIVE: Ахметовтің Назарбаевтан кешірім сұрауы үкімге әсер ете ме?

AzattyqLIVE қонағы Әміржан Қосанов хабар жүргізушісі Қасым Аманжолмен сұхаббаттасып отыр. Алматы, 11желтоқсан 2015 жыл.

AzattyqLIVE хабарында Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан экс-премьері Серік Ахметовтің соты талқыланды. Эфир қонағы саясаткер Әміржан Қосанов болды.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов пен Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев бастаған 21 адамның үстінен коррупциялық айыптармен сот өтіп жатыр.

Басты айыпталушы – Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке прокурорлар 12 жыл бас бостандығын айырып, жеке мүлкін тәркілеп, бес жыл мемлекеттік қызметтен аластау жазасын сұраған. Өзге айыпталушыларға әртүрлі коррупциялық қылмыстарға қатыстылығына қарай жеті жылдан екі жылға дейін қамау және үлкен көлемдегі айыппұлдар төлеу жазасы сұралды.

Айыпталушыларға соттағы соңғы сөз берілген кезде Серік Ахметов те, Бауыржан Әбдішев те президент Назарбаевтан кешірім сұрады. Ахметов Назарбаевты «ұстазым» деп атап, «сенімін ақтай алмадым» деп өкініш білдірсе, Әбдішев «президенттің солдаты болғанын, болып қала да беретінін» айтты.

Оқи отырыңыз: Ахметов соттағы соңғы сөзін Назарбаевқа арнады

AzattyqLIVE-тың Серік Ахметов соты жайлы хабарына саясаткер Әміржан Қосанов қатысты.

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Ахметовтің Назарбаевтан кешірім сұрауы үкімге әсер ете ме? (1-бөлім)

Your browser doesn’t support HTML5

AzattyqLIVE: Ахметовтің Назарбаевтан кешірім сұрауы үкімге әсер ете ме? (2-бөлім)