Украина дрондары Қырым көпірі мен Азовтағы мұнай базасына шабуылдады

Қырым көпірі

Аннексияланған Қырым түбегінің Ресей тағайындаған басшысы Сергей Аксенов 16 қарашаға қараған түні Қырым (Керчь) көпіріне соққы жасалғанын растады. Бұған дейін телеграм-арналар Қырым көпіріне шабуыл жасалғанын жергілікті тұрғындардың сөзіне сүйеніп хабарлаған. Аксенов шамамен түске дейін көлік қозғалысы шектелетінін, ал Керчь қаласында жедел штаб құрылғанын айтты. Украина әскері бұл шабуылға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

16 қарашаға қараған түні украин дрондары Ресейдің Ростов облысына да шабуыл жасап, Азов қаласында үш адам жараланған. Мұндай деректі аймақ губернаторы Юрий Слюсарь Азовтағы төрт өндіріс нысанында өрт болғанын, ал Миллерово ауданы Рогалик слободасында дрон сынықтары құлап, үш жеке тұрғын үй мен газ құбыры зақымданып, өрт шыққанын хабарлады. Бірақ ол нақты қандай өндіріс нысандары өрт болғанын ашып айтпады.

Украиналық Exilenova+ және Supernova+ мониторинг арналары Азовта мұнай базасы өртеніп жатқанын жазды. Astra басылымы Азов маңында бір-біріне жақын орналасқан екі мұнай базасының аумағында өрт шыққан, сондықтан нақты қайсысы өртенгенін анықтау мүмкін емес деп жазды.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин қалаға жақын маңда әуе шабуылынан қорғаныс күштері 191 дронды атып түсірді деп мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі Тверь, Белгород, Брянск, Курск, Калуга, Тула, Рязань, Орел, Воронеж, Владимир, Смоленск, Нижний Новгород, Ростов облыстарының, Краснодар өлкесінің, аннексияланған Қырым мен Мәскеу өңірі аумағында, сондай-ақ Азов және Қара теңіздерде жиынтығы 1336 украиналық дрон жойылған деп есеп берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Украина күштері Новгород облысына дрондармен шабуыл жасадыУкраина Ресейдің ірі мұнай зауыттарының біріне шабуылдадыРесей зауыттарына шабуыл Украина қарулы күштері: Ресейдегі ракета отынын өндіретін кәсіпорынға соққы жасалдыАтырау – Самара құбыры бір күндік үзілістен соң қайта жұмыс істей бастады