Самалдың жеңісі

Режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмінде бас кейіпкерді сомдаған қазақстандық актриса Самал Еслямова Канн фестивалінде "Үздік әйел рөлі" номинациясының жеңімпазы атанды.

Самал Еслямова жүлде алған сәт. 

Петропавлда туып-өскен Самал Еслямова Ресей астанасындағы театр өнері институтының (ГИТИС) режиссерлік факультетін тәмамдаған, қазір Мәскеуде тұрады.

Самал Еслямоваға жүлдені италиялық актриса Азия Ардженто тапсырды. 

Канн фестивалінде "Үздік ер рөлі" номинациясының жеңімпазы италиялық Марселло Фонте мен Самал Еслямова. 

Самал түскен "Айка" фильмі – Мәскеуде босанған баласын перзентханаға тастап кеткен қырғызстандық мигрант қыз туралы драма.  

Самал Еслямова мен режиссер Сергей Дворцевой қызыл кілемде. 

Самал Еслямова Канн фестивалінде.