18 қазанда Минскіде мыңдаған адам биліктің қару қолданамыз деп қорқытқанына қарамастан, авторитар басшы Александр Лукашенконы отставкаға кетуін талап етіп шеруге шықты. Елде 9 тамызда өткен даулы сайлаудан соң басталған жалпыұлттық бейбіт қарсылық акциясы 11-аптаға жалғасты.
18 қазанда Беларусь астанасында мыңдаған адам авторитар басшы Александр Лукашенкоға наразылық білдіріп шеруге шықты. Демонстранттар биліктің қару қолданамыз деп қорқытқанына қарамастан қарсылық акциясын өткізді.
Таулы Қарабақтағы әскери қақтығыста Түркия, Израиль және Ресей дрондары қолданылып жатыр. Болжам бойынша, Түркия Ирак, Ливия және Сириядағы шиеленіс кезінде де пилотсыз ұшатын техника қолданған.
Қырғызстанда бар билік он күн бұрын ғана абақтыдан шыққан адамға өтті. Жоқшылықтан шығатын жол бар ма? Дүниежүзілік банк биыл Қазақстанда кедейлердің көбейетінін айтқан Үкімет індет кезінде дәрігер тапшылығы сезілгенін мойындайды. Сарапшылар бұған мемлекеттің өзі жауапты екенін айтады
16 қазанда Сооронбай Жээнбеков Қырғыз парламентінің алдына келіп сөз сөйлеп, үш жылда атқарған істері жайлы айтты. Оның сөзінше, тарих пен уақыт алдағы уақытта қазіргі жағдайға өз бағасын береді.
Кеше ғана Қырғызстан премьер-министрі болып тағайындалған Садыр Жапаров 15 қазанда кешкісін жақтастарының алдына шығып, "президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткенін" айтып, "барлық билік менің қолыма өтті" деді.
Қырғызстан президенті Жээнбеков оставкаға кететінін мәлімдеді. Италияда Әблязовтың жұбайын заңсыз депортациялау ісі бойынша үкім шықты. Таиландта жастар премьер отставкасын талап етіп жатыр.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "елде қараша-желтоқсанда вирус қаупі артады" дейді. Қазақстан "интернеті еркін емес ел" қатарына кірді. Бітім жасасқан Әзербайжан мен Арменияда атыс тоқтамай тұр.
Қырғызстан парламенті кезектен тыс отырысында Садыр Жапаровты премьер-министр етіп тағайындау ұсынысын мақұлдады. Түрмеден өткен аптаның басында шыққан саясаткердің кандидатурасын парламентте басым дауысқа ие коалиция ұсынған. Президент Сооронбай Жээнбеков те парламент қаулысына қол қойды.
Қазақстан астанасында экс-президент, қазір қауіпсіздік қызметі мен билеуші партияны басқаратын Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір музей ашылды. Жаңа музей оның атындағы кітапхананың жанынан салынған.
Армения мен Әзербайжан 10 қазанда Таулы Қарабақ мәселесі бойынша бітім жасасқан. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Бір күн өтпей қақтығыс қайта басталып, екі тарап та бір-бірін келісімді бұзды деп айыптайды.
11 құқық қорғаушы ұйым Анкараны түркімен белсендісі Дурсолтан Таганованы Отанына депортацияламауға үндеді. Олар Түркіменстан билігі белсендіні түрмеге қамап, азаптауы мүмкін екенін айтады.
Алматыда митингіге келгендер ұсталды. Сарапшылар Тоқаев қабылдаған "Бейбіт жиын туралы" заң нәтиже бермегенін айтады. Қырғызстанда жаңа премьер-министрге қуанғандар мен қарсылар БАҚ арқылы айтысып жатыр. Таулы Қарабақтағы қақтығыс тоқтаған жоқ.
Солтүстік Кореяда коронавирус пандемиясына қарамастан парад өтті. Пхеньян парад кезінде 11 дөңгелекті транспортқа тиелген жаңа құрлықаралық баллистикалық зымыранын көрсетті.
Тәжікстанның авторитар президенті Эмомали Рахмон кезекті рет осы қызметке сайланды. Биліктің қатаң бақылауымен өткен сайлаудың ресми алдын ала қорытындысы бойынша Рахмонның 91 пайызға жуық дауыс алғаны хабарланды. Алғашқылардың бірі болып Рахмонды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 11 қазандағы президент сайлауында жеңіске жетіп, ел басқаруын одан әрі жалғастыратынына сенімді көрінеді. Дауыс беруге санаулы апта қалғанда ол ел тізгіні ұлына беріледі деген қауесетті жоққа шығарып, сайлауға тағы бір мәрте түсетінін мәлімдеді.
Қырғызстанда билікке таласқан топтар өзара шекісіп қалды. Алматының іргесіне қалашық салып, ағаштарын отайын деп жатқан кім? Шымкенттік мақташылар еңбектің жемісін көрмей, шығынға ұшырап жатқанын айтады.
Тағы