Қырғызстан азаматы, Испанияда оқитын Елдос Оразбеков коронавирус жұқтырып, соңынан сауығып шыққан. Ол ауру белгілерінің қандай болатынын, дәрігерлер қанша тест алғанын, қандай дәрі ішкенін айтады және Испания емханаларындағы ахуалды сипаттайды.
30 наурызда Қазақстанда алты қала: Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қаласы карантинге жабылды.
Коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көшкендер көбейді. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындар да, болашақта қашықтан жұмыс істеуге көшу керек дейтіндер де бар.
Бұл видео 3-8 жастағы балаларға арналған. Бала тілімен үйде отыру не үшін маңызды екенін бүлдіршіндерге бірге түсіндірелік.
COVID-19 коронавирусын жұқтырғандардың көбі өзінде вирус барын білмейді және өзгелерге де таратып жүргенін сезбейді. Дәрігерлер пандемия кезінде далаға шықпай, қарым-қатынасты шектеу маңызды екенін айтады.
26 наурызда Қазақстанда Covid-19 дертінен бір адам қайтыс болды. Билік елде коронавирус жұқтырғандар өсіп жатқан тұста 28 наурыздан бастап елдің ең ірі үш қаласында жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылады. Ал әлемде вирус жұқтырғандар жарты миллионға жетіп қалды.
Covid-19 дертінің симптомдары қандай? Вирус кімдер үшін қауіпті? Коронавирусқа қарсы екпе бар ма? Ауруларды бақылау мен алдын-алу бойынша еуропалық орталығының мәліметтері.
Коронавирус қатты тарап, әлем елдері шетінен карантин жариялап жатыр. Әдетте туристер аяғы көп орындарда қазір адам жоқтың қасы. 25 наурыздағы дерек бойынша, әлемде 423 мың адам коронавирус жұқтырып, 19 мыңдай адам қаза болды.
Қырғызстан Covid-19 пандемиясының таралуын тоқтату үшін елде төтенше жағдай жариялады.
АҚШ-тағы Вирджиния университетінің балаларда кездесетін инфекциялық аурулар бөлімінің бас дәрігері Стивен Цайхнер «Америка дауысы» сайтына берген сұхбатында коронавирус инфекциясы балаларға қалай әсер ететінін айтып берді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы туралы бүкіл ақпаратты жинап жатыр. Ұйым әлемнің 150-ден астам мемлекеті мен территориясындағы COVID-19 вирусына қарсы күрес тәжірибесіне сүйеніп, кеңестер береді.
Қазір маска бәрімізге ауадай қажет. Бірақ ол дәріханада тапшы. Үйде маска қалай жасауға болады? (Видео авторы - Жанара Қаңтарбай).
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны қаперлеріңізге тағы бір мәрте саламыз.
Коронавирустан қатты зардап шегіп жатқан Иран халқы бір біріне көмектесіп, індетке қарсы жұмыла күресіп жатыр. Еріктілер мұқтаж жандарға азық-түлік апарып береді, қоғамдық орында дезинфекция жасайды, студенттер маска тігеді.
Маска киген не үшін маңызды? Маска вирустан қаншалықты қорғайды? Білу керек бес дерек.
Өзбекстан билігі жұртқа коронавирус жайлы "байбалам тудыратын" ақпарат таратпауды ескертіп, ондай әрекет жасағандар көп мөлшерде айыппұл төлеуі я сегіз жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеді.
Қазақстанда дәрігерлер коронавирус қаупіне байланысты тұрғындарды үйден шықпауға шақырды. Әлеуметтік желіде дәрігерлер «Сіз үшін жұмыста қалдық, біз үшін үйде болыңыз» деген челлендж бастады.
Сезімді селт еткізер бұла күш, тас қайрақ, мың бұралған биші қимылы – махаббат пен ізгілік тарихынан сыр шертетін лазги биінің негізгі элементтері. Өзбектің танымал биі ЮНЕСКО ұйымының материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.
Иранда коронавируспен күреске өрт сөндірушілер жұмылдырылды
Әлемді алаңдатқан коронавирус қалай тарайды? Жүкті әйелге вирус жылдам жұға ма? Тамақ ішкенде вирус тарай ма? Осы және басқа да маңызды сұрақтарға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйене отырып, жауап береміз.
Тағы