Жүздеген қонақ қатысатын ірі тойлар көп өзбектің отбасы бюджетін ойсыратып, қарызға батырып жатыр. Ал президент Шавкат Мирзияев осындай тойларға заң жүзіндетыйым салмақ.
Өзбекстанда Самарқанда өткен милиция жаттығуына имамдар да қатысқан
Ресейшіл саяси басшылығы үнсіз қалса да, чехиялықтар 1968 жылы Варшава пактісіне қол қойған елдердің СССР-дің нұсқауымен Прагаға қалай басып кіргенінен хабардар.
Қырғызстандық шабандоздар Орталық Азиядағы дәстүрлі Әлемдік көшпенділер ойындарында шеберліктерін көрсетуге әзірленіп жатыр.
К чему приведет гонка вооружений в Черном море
1968 жылы Прагаға басып кірген совет офицері мен бұл интервенцияға қарсы шығып, сотталған украиналық белсенді жарты ғасырдан соң Чехия астанасында кездесті.
Владимир Путин Берлинге 2016 жылғы қазаннан бері, ал оның алдында Германияға екі жылдан аса бармаған еді.
Арадағы ұзақ үзілістен соң Тәжікстан президенті Өзбекстанға ресми сапармен барды. Мұның алдында Өзбекстан президенті Тәжікстанға барып қайтқан.
Азия ойындарының сайыс алаңдарындағы барлық жаңалықты бізден біліп отырыңыз. Азаттықтың арнайы тілшісі Индонезиядан хабар таратады.
Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті. Құрлықтық жарыс 18-рет ұйымдастырылып жатыр.
Батыс баспасөзі осы аптада тамыздың 12-і Ақтау қаласында өткен Каспий саммиті қорытындыларын талдаған. Бұған қоса, Қытайдың Шыңжаң ауданындағы аз ұлт өкілдері мен ондағы қазақтарды қудалау мәселесін тағы қозғаған. Халықаралық баспасөз мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өлімінің қоғамда құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігіне қатысты күмәнді қоюлата түскені туралы да жазған.
Ташкент метросын суретке түсіруге ұзақ жылдар бойы тыйым салынып келді. Тек маусым айында билік оның ішін түсіруге рұқсат етті. Азаттық тілшісі Амос Чаппл алғашқылардың бірі болып метро станцияларын суретке түсіріп, Орталық Азиядағы алғашқы жерасты жолының сәулет өнері мен ядролық шабуылдан қорғану тәсілдерімен танысып қайтқан еді.
Территориясы шағын Финляндияда соңғы бір жылдың ішінде Ресейден қашып барған 200-ден аса Иегово куәгері діни баспана сұраған. Ресейдің жоғары соты 2017 жылы "экстремистік ұйым" деп таныған қауым мүшелері "қылмыстық қудалауға ұшыраймыз" деп қауіптеніп, елден қашып жатыр.
Грузияда екі аптаға созылған НАТО-ның әскери жаттығуы өтті.
Тамыздың 14-і күні АҚШ Конгресі сайтында Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасы жарияланды. Жобаны сенатор Линдси Грэм бастаған бір топ Республикалық және Демократиялық партиясы өкілдері ұсынған.
Ереванда наразы топ экс-президент Роберт Кочарянды қайта қамауды талап етті.
Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Иран және Түркіменстан президенттері Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтайтын конвенцияға қол қойды.
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағында тұратын татарлар ойын ашық айтудан жасқанып, әлеуметтік желілердегі аккаунттарын жауып жатыр. Ал Қытай билігі енді әр азаматтың "адалдығын" бағалайтын "әлеуметтік несие жүйесін" енгізбек.
Тағы