Жеті күн бойы Ресей телевизиясының хабарларын үзбей көрген америкалық сарапшы мидың екі жақ бөлігінің арасындағы қайшылықты байқағанын айтады.
Қарашаның 30-ы күні сайлаушылар Молдова 2009 жылдан бері ұмтылып келе жатқан бағыт - еуроинтеграцияға қатысты көзқарасын білдіреді.
Қырым татарлары осы жылдың көктемінде наразылық шарасына шыққан төртінші адамды тұтқындаған жаңа биліктің рақымсыздығына наразы. Қырым татарлары жетекшілері Ресей аннексиясына қарсы болған еді.
Ресей депутаты Украинаның шығысындағы Донбасс аймағында соғысып жатқан ресейлік еріктілерге «соғыс қимылдарына қатысушылар» деген мәртебе беруді ұсынды.
Интернетке Тәжікстанның Ислам өркендеу партиясының өкілі Галати Баротованы қаралайтын секс-видео жарияланды. Партия мүшелері оны «парламент сайлауы алдында әдейі жасалған шабуыл» дейді.
Журналистер бастамасымен советтік қуғын-сүргін құрбандары тұрған үйлерге ескерткіш тақта орнатылмақ. Жоба «Соңғы мекенжай» деп аталады.
Ауған әйелі «Талибан» қолынан қаза тапқан ұлының кегін алу үшін содырлармен атысқанын айтады. Қарулы қақтығыстан 20-дан астам содыр қаза тапқан.
АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел кенет отставкаға кетті. Енді оның орнына осы қызметке бұрын да кандидат болған тұлғалардың бірі келуі мүмкін.
Путиннің бұрынғы серігі, қазір бой тасалап жүрген Сергей Колесников Кремльдегі коррупция, Украинадағы соғыс және Путиннің ядролық қаруды қолданудан тайынбайтыны жөнінде айтты.
Ресейдің Солтүстік Кавказдағы республикасы Қабарда-Балқарда қарашаның 24-і күні «Сириядағы содырларға қосылып, соғысқа қатысты» деп айыпталған 22 жастағы жігіттің соты басталды.
«Ислам мемлекеті» террорлық тобының мүшелері жұртты өз жағына тарту үшін поэзияның қуат-күшін де қолдана бастады.
Ұлыбританиялық басылым "Ислам мемлекеті" ультра-радикал діни ұйымы таратты" деп сипатталған қазақша сөйлейтін кәмелетке толмаған жас балалар түскен видео жариялады.
Екі жылдан бері Қырғызстанда босқындар лагерінде тұрып жатқан Аман Сағидоллаев өзін Отанына мәжбүрлеп қайтару үшін «Өзбекстан ұлттық қауіпсіздігі қызметінің екі агенті жүр» деп күдіктенеді.
Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлемдік державалар өзара бір шешімге келетін сәт жақындады. Бірақ, Ақ үй әкімшілігіне әуелі өте күмәншіл Конгрестің көңілін табу қажет болып тұр.
Азаттықтың "Квартиранттың арманы" атты блог байқауына жазба қабылдау мерзімі бітті. Бірақ жарияланған блогтарға қараша аяқталғанша дауыс беруге болады.
«Донецк халық республикасы» содырларының тұтқынында болған тұрғын қамауда көргендерін Азаттық тілшісіне айтты.
Қырымда мешіттер өртеніп жатыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл - Қырым татарларын арандату әрекеті. Ал Қырым татарлары ондай арандатуға ермейтіндерін мәлімдеді.
Жақында қайта құрылған Қырым мүфтиятының жетекшісі Руслан Саитвалиев «Ислам мемлекеті» (ИМ) террорлық ұйымы сапында 500 Қырым татары соғысып жатыр» деп мәлімдеді.
Мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева бүгін қамаудан босатылды деп хабарлады Азаттыққа оның қызы Әлия Төлетаева мен құқық қорғаушы Ерлан Қалиев.
Экс-премьер Серік Ахметов Қарағанды облысындағы "коррупциялық істерге байланысты" айыпталып, үйқамаққа алынғаны хабарланды
Тағы