Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда деректеріндегі алшақтық 2024 жылы рекордтық көрсеткішке жетіп, 12,7 млрд доллар болған. Бұл – ресми Пекин шекарадан өткіздік дегенімен, Қазақстанның есебінде тіркелмеген тауардың жалпы сомасы. Мұндай алшақтық қазір де бар. Қазақстан билігі ішінара мойындап, 4 жыл бұрын көтерген мәселе шешімін таппай келеді. Неге? Азаттық жауап іздеп көрді.