Ресейлік БАҚ Батыс баспасөзінің АҚШ, болмаса Еуропа саясатын сынайтын мақалаларын іліп әкетіп, Мәскеу позициясының дұрыс екенін дәлелдеуге пайдаланады.
Екі ай сепаратистер билеген, кейін үкімет әскері шабуылдаған Луганскінің мыңдаған тұрғыны Украинаның басқа аймағына бассауғалап кетті. Азаттық тілшісі сол босқынның бірімен әңгімелесті.
Иран Ауғанстанның орталық аймағында аурухана салып, оны өзі басқаруды жоспарлаған. Алайда ауғандар бұдан секемденіп отыр.
Закарпатье облысын Донбаспен салыстыруға болмас. Бірақ ол аймақтағы венгрлердің әрекеті этникалық мәселе Украинаның шығысын ғана қамтымайтынын көрсетеді.
Украинаның шығысындағы бүлікші қарулы топтарды кімдер бастап жүргені, олардың мақсат-мүдделері, өзара қарым-қатынасы көп жұртқа түсініксіз. Ресейшіл сепаратистерді кімдер басқарады?
Владимир Путин француз телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонды мүсіркей сөйледі. Бұл – Ресей басшысының әйелдер жайлы оқыс пікірлерінің бірі ғана.
Еуропаға аттанар алдында АҚШ президенті Обама «Талибан» тұтқынында отырған сержант Бергдалды босатып алғанын жағымды жаңалық ретінде мәлімдеген еді. Алайда, бұл істің соңы дауға ұласты.
Тәжікстанда жезөкшелік айтуға ыңғайсыз іс болғанымен, заңсыз әрекет емес. Мұндай кәсіп иелері көбейіп жатқанда бұл тақырып ашық талқылана бастады.
Бір ай бұрын ЕО Молдова азаматтарының Шенген аймағына визасыз кіруіне рұқсат берді. Молдованың ресейшіл сепаратист Приднестровье аймағы да бұған елең ете қалды.
Шығыс Украинадағы Луганск қаласында болған соңғы шайқастан соң қала тұрғындары қауіпсіздіктеріне ешкімнің жауап бермейтінін түсінді.
Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің Вена қаласында тұтқындалғаны хабарланды.
Немістер Мәскеуге жанашырлық танытып, Ресейге қатаң санкциялар салуға қарсылық білдіріп келеді. Сарапшылар мұның себебін Екінші дүниежүзілік соғыстан да іздейді.
Мәскеудің Украинадағы әрекеттеріне Батыс қаншама наразы болса да, Ресейде Путиннің рейтингісі өсіп барады.
Шығыс Украинадағы ұрыс шиеленісіп барады. Украина армиясының әскери дайындығы кейде сыналып, кейде мақталып жатыр. Олардың мұндай әртүрлі нәтиже көрсетуінің себебі неде?
Қытайдың БАҚ жайлы қатаң заңдары тұрғанда бұл елде журналист болып қызмет ету - қиынның қиыны. Әсіресе «қырағылық күшейетін» кездерде тілшілерге қысым көбейеді.
Ирандағы мемлекеттік ақпарат құралдары қыз-келіншектер хиджабсыз суретін жүктейтін Facebook парақшасын жасаған әйелді ғайбаттау науқанын бастады.
Польша коммунистік блок ішінен алғаш болып еркін сайлау өткізгенінің 25 жылдығын атап өтіп жатыр. Мерейтой құрметіне Варшаваға АҚШ президенті барды. Польша коммунизмді жеңуге көмектескені үшін Батысқа алғыс білдіре отырып, әлі талай шаруа бар екенін ескертеді.
ISight Partners кибер барлау фирмасы «ирандық хакерлер әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттарды пайдаланып, АҚШ-тың әскери және саяси тұлғаларын үш жыл бойы аңдып келген» деген ақпарат таратты.
Украина - Ресей текетіресі ушыққан сайын ақпараттық соғыс та өршіп барады. #UkraineUnspun жобасы екі елдің БАҚ-тары, саясаткерлері мен белсенділерінің ақпаратын салыстыра сараптады.
Пәкістанда ата-анасының рұқсатынсыз тұрмысқа шыққан Фарзана есімді әйел өлім жазасына кесілді. Әйелдерді «әулет абыройына кір келтіргені үшін өлтіретін» әдет кейбір елдерде әлі бар.
Тағы