Тамыздың 17-сі күні жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын алған ресейлік атлет қыздар подиумда тұрып сүйісті. Бұл бір-бірін құттықтау ма, Ресейдің гейлерге қарсы заңына наразылық па - белгісіз.
Надежда Толоконникова мен Мария Алехинаға үкім шыққанына жыл өтсе де, үйлерінде қалған сәбилері әлі үйренісе алмай жүр.
Азаттық 12 - 17 тамыз аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Ресейде гомосексуалдарға қарсы заң қабылданғалы оларға қысым күшейді. Бірақ жыныстық азшылық өкілдерін қорғайтын топтар да пайда болды.
Мәскеу кептерлеріне ауру жұқты. Қимылы сылбыр тартқан құстардың көбі өліп жатыр. Табиғаттың тосын құбылысына алаңдаған тұрғындарды шенеуніктер сабырға шақырды.
Әскери адамның «мешітке шабуыл жоспарлағаны» француз ақпарат құралдарының негізгі тақырыбына айналып тұр. Француз қоғамында мұсылмандарға қысым күшейген, енді онымен күресуге үкімет кірісті.
Оппозициялық блогшы Алексей Навальный биліктің кедергілеріне қарамастан, Мәскеу мэрі сайлауына қатыспақ. Мәскеудің қазіргі басшысы мен белсенді арасындағы дау ушыға түсті.
Иран президенті Роуханиді сынайтындар «сайлаушылар үмітін ақтамады» деп келген еді. Бірақ оның әйел адамды вице-президент қызметіне бекітуі жұртқа басқаша әсер етті.
Магистратура мен докторантураға қабылдау емтихандары басталды. Сынақтың бірінші турында шет тілінен жоғары ұпай жинағандардың кейбірі жауапты сатып алғанын не орнына басқа адам кіргізгенін айтты.
Германия мен Польшадан баспана іздеген шешендер өткен жылмен салыстырғанда екі есе көбейген. Бірақ бассауғалап келген жұртты қабылдауға ынталы ел аз.
Интернетті жиі қарау миға зиян ба, әлде пайдалы ма? Бала компьютерді қай жастан бастап пайдалануы керек? Бұл мәселе неврологтар арасында пікірталас туғызды.
Білім гранты иегерлері тізімі әуелі интернет-форумдардың бірінде жарияланып кетті. Талапкерлер қай мамандыққа түскендерін 13 тамызда шығатын ресми тізімінен емес, сол сайттан біліп алды.
Пекин мен Мәскеудің қарым-қатынасы жақсарып келеді. Маусым айындағы мұнай келісімі мен шілдедегі біріккен әскери оқу-жаттығу шарасы да бұған дәлел бола алады.
«Әлем аруы» байқауына Өзбекстан, Косово, Камерун мен Гвинея өкілдері тұңғыш рет қатыспақ. Ал былтыр бұл сайысқа жасы толмай бара алмаған "Қазақстан аруы" осы жолы бақ сынайды.
Азаттық 5 - 10 тамыз аралығында Қазақстанда және әлем елдерінде болған кейбір оқиғалар туралы апталық сурет баян ұсынады.
Ресейде жүздеген мигрант тағы тұтқындалды. Өзбек, тәжік, қырғыз жұмысшылар Азаттыққа полицияның ұрып-соғып, аш ұстағанын, ақша бопсалағанын айтты.
Ресей Оңтүстік Кавказға үстемдігін жүргізіп отырғалы бес жыл өтті. Алайда бұл аймақ әлі тұрақсыз.
Әлем мұсылмандары Ораза айт мейрамын тойлап жатыр. Жұрт мешітте айт намазын оқып, одан соң үй-үйге қыдырады, мұқтаж жандарға пітір-садақ береді.
Түркіменстанда велосипед тебудің артықшылығын насихаттайтын жаңа науқан басталды. Велосипед "жарысына" президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі қатысты.
Мәскеуде мигранттарға қарсы рейдтер жиіледі. Сарапшылар «бұл - ұлтшыл сайлаушыға жағынған биліктің тактикасы» десе, құқық қорғаушылар полицияның мигрантқа жасаған озбырлығын сынайды.
Тағы