16 желтоқсан күнгі Жаңаөзен. YouTube-тегі evil75ful деген тұтынушы 20 желтоқсан 2011 жылы жүктеген видео (http://www.youtube.com/watch?v=WzcdZH22sv8).
«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Жаңаөзенде ұсталғандарды азаптауы мүмкін екендігі туралы деректерді дереу объективті түрде тексеруге шақырды. Бас прокуратура Жаңаөзенде қаза тапқандардың саны 15-ке жеткенін хабарлады.
«Биліктің өз азаматтарын атқанын ақтауға болмайды. Егер заң «қауіп төнді» деп, атуға мұрсат берсе, ондай заңды жою керек» дейді Жаңаөзен оқиғасына орай пікір айтқан адамдар.
YouTube сайтында жарияланған әуесқой түсірген видеода Жаңаөзенде 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні болған оқиғаның бір бөлігі көрсетілген.
Жаңаөзендегі жағдайға қатысты наразылық білдіріп Шетпе станциясында темір жолды жапқан тұрғындармен қақтығыста полиция оқ атты. Бір адам қаза болып, 12 адам жараланған. Прокуратура "полиция бұзақылардан қорғану үшін оқ атқан" деп мәлімдеді. Жексенбіде Ақтауда жұрт алаңға тағы жиналды.
Алматыда Жаңаөзендегі оқиғаға президент Назарбаевты айыптап, билік партиясына бармақ болған бірнеше адамды полиция ұстап әкетті.
Қазақстанның бас прокуратурасы Жаңаөзендегі оқиғаға байланысты төтенше жиын өткізіп, он адамның қаза тапқанын растады. Бұл оқиғаға қатысты халықаралық ұйымдар реакция білдіре бастады.
Желтоқсанның 14-і парламент сенаты қабылдаған құжатта «ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін дәйексіз ақпаратты әдейі бұрмалау және тарату арқылы қоғамның және жеке адамның сана-сезіміне ақпараттық әсер ету» қауіп-қатер ретінде аталған.
Қазақстан парламентінің сенаты желтоқсанның 1-ін Қазақстанның тұңғыш президенті күні мейрамы деп бекітті. 20 жыл бұрын дәл осы күні Нұрсұлтан Назарбаев алғаш өткізілген сайлау нәтижесінде Қазақстан президенті болып жарияланған еді. Мұндай мемлекеттік мерекенің болғанына президенттің өзі де кетәрі емес.
Азаттық радиосы желтоқсанның 8-інде Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған бұрынғы Жоғарғы Кеңес төрағасы Серікболсын Әбділдиннің онлайн-конференциясын өткізді.
Азат Еуропа/Азаттық радиосы СССР-дің 1991 жылы 25-26 желтоқсанда құлауына орай арнайы жоба дайындады.
Жексенбі күні бас прокуратура сенбі, желтоқсанның 3-інде Алматы облысы Іле ауданының Боралдай кентінде болған оқиғаға түсінік берді. Оқиға кезінде жеті адамның қаза тапқаны айтылды. Оның бесеуі қылмыстық топтың мүшесі делінсе, екеуі ҰҚК-нің "Арыстан" арнайы жасағының қызметкері екені хабарланды.
Бейсенбіде Бішкекте Қырғыстанның жаңадан сайланған президенті Алмазбек Атамбаевтың ант беру рәсімі өтті. Түркия мен Грузия президенттері және өзге де бірқатар елдердің жоғары лауазымды өкілдері қатысқан бұл шараға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барған жоқ.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныс жасады. Үкімет бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.
Талибан жасақтары Пәкістанның батысындағы Пуштун аймақтарында зайырлы орта мектептерді қиратуға кірісті. Бірақ, бұл науқан қыз балалардың білім алуға деген ынта-жігерін одан сайын қайрай түсті.
Қарашаның 27-і түн ортасына жуық аяқталған "Чехия мен Словакия таланттары" атты байқауда финалға жеткен ондықтың арасында қырғызстандық жас биші Атай Өмірзақов үздік шықты. Еуропалық екі ел тұрғындары шетелдік өнерпазды жергілікті таланттардан да биік бағалап, басым дауыс берген.
Оңтүстік Ауғанстанда жаңа туған ұл баланың шілдеханасы ежелгі дәстүр бойынша тойлануға міндетті. Бірақ, Қандағардың үш жас жазушысы жаңа туған ұл емес, қыз баласына арнап той жасап, көне-заманнан келе жатқан ежелгі cалтты бұзды.
Азаттық радиосы қарашаның 23-і күні ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның онлайн-конференциясын өткізді.
Үш күннен бері Каирдің Тахрир алаңында билікке қарсы шеру өтіп жатыр. Қауіпсіздік күштерінің қуғанына қарамастан шерушілер алаңға шатыр тігіп алған.
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы туралы арнайы зерттеу жасаған Индиана университетінің түлегі, Питцер колледжі деканының орынбасары Барбара Жүнісбай Азаттық радиосына 2001 жылғы қарашаның 18-і құрылған оппозициялық ұйымның не себепті сәтсіздікке ұшырағаны туралы сұқбат берді.
Тағы