Астанада адамдарға толы бірнеше автобус бірінен кейін бірінен барып бірқатар сайлау учаскелеріне аралап шықты. Сайлау кезіндегі технологиялардан хабардар жұрт мұны «карусель» әдісі деп атайды.
Жексенбіде Қазақстанда сайлаушылар кезектен тыс президент сайлауына дауыс берді. ОСК дауыс беруге хақы бар жұрттың 89,9 пайызы сайлауға қатысқанын айтады. Алайда қанша адам дауыс берсе де, заң бойынша сайлау өткен болып саналады.
«Әзілің жарасса - атаңмен ойна» деген қазақ бүгін де қалжыңнан қамал соғып жатыр демесе де, түрлі-түрлі сатиралық театрлар құрылып, мемлекеттік телеарналарда әзіл-әжуа бағдарламалар көрсетіліп жатыр.
Халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының болжамына жүгінсек, 2011 жылы инфляция мен азық-түлік тағамдарына бағаның өсімі жоғары қарқында болады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азаттық радиосында онлайн-конференция өткізбейтін болды. Бірақ ол оқырмандарымыздың тікелей сауалдарына жауап берер деп үміттенеміз.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, құрт ауруына шалдыққан тұрғындар саны бойынша жағдай әлі де жақсарар емес. Қазақстан туберкулезбен күресте Орталық Азия елдері арасында артта қалып отыр.
Азаттық вебсайтында онлайн-конференцияға қатысудан соңғы сәтте айнып қалған Ғани Қасымов сайлаушылардың сұрағына жауап берер деп үміттенеміз. Кандидатқа айтары бар оқырмандар сұрақтарын төмендегі форумға жаза алады.
Гидролог-мамандар жер үсті суларының ластануынан жер асты сулары да лайланып, адам денсаулығына қауіп төндіретінін айтады. Қаржы тапшылығы мен мамандардың жетіспеуі су ресурстарын толықтай зерттеуге қолбайлау болып отыр.
Қазақстан президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков Азаттық радиосының онлайн-конференциясына қатысудан бас тартты. Бірақ ол оқырмандар сауалдарына сырттай да жауап беруіне болады.
Наурыздың 29-ы Азаттық радиосының сайтында «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті Маргарита Өскембаеваның онлайн-конференциясы өтті.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнi. Қазақстан халқы бұл мерекені жыл сайын атап өтеді. «Бірақ қазір наурыздың сырт көрінісін ғана қуып кеттік, ұрпақ үшін тәрбиелік мәніне терең үңілуіміз керек» дейді этнограф мамандар.
Мектеп оқушылары шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып есептелетін наурыз мерекесін қалай қарсы алады, оған қандай дайындалады және бүгінгі ұрпақ наурыз мейрамы жайлы не біледі?
Батыс елдерінің қарулы күштері Ливия азаматтары мен оппозициялық топтарына қарсы қару қолданған ел президенті Муаммар Каддафиге әуеден де, теңізден де шабуыл жасай бастады.
Алматыда тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Баршаға ортақ кино апталығы» өтті. Оның бір мақсаты - бұл адамдардың демалыс орындарына қолы жете бермейтіндігіне қоғам назарын аудару.
Орталық сайлау комиссиясы азаматтарды сайлауға бойкот жариялауға үндеген оппозицияның ісін «арандату» деп атап, сайлаушыларды президент сайлауына дауыс беруге шақырды.
Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа жолығу үшін Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарынан Астанаға арнайы келген жұртты полиция Ақордаға жеткізбеді.
Азаттық радиосының сайтында президенттіктен үміткер "Табиғат" экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізовпен онлайн-конференция өтті.Радионың Алматыдағы бюросында өткен онлайн-конференцияда ол аты-жөні анық жазылған оқырмандардың сұрақтарына жауап беруге тырысты.
Жұма күні Түркістанда шығармашылық өкілдерімен кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі әйелдердің хиджаб тағып, пәренже киюіне қарсы екенін туралы мәлімдеді.
Соңғы бірнеше ай бойы Ливиядағы наразы халық әкесінің режиміне қарсы бас көтеріп жатқанда өзін жас диктатор ретінде танытқан Саиф Каддафидің былтыр Астанаға барған сапары туралы жаңа мәліметтер пайда болды.
Мүгедек әйелдер емханаларда дәрігерлер тарапынан кемсітушілікке ұшырап, көп жағдайда құқықтарының аяққа тапталып жататынын айтады. Сондықтан олар өздерін қоғамнан шеттетілген адамдар санатына жатқызады.
Тағы