Чехиядан мәжбүрлі түрде қайтарылған 26 жасар Марғұлан Мұхамбетовтың туыстары оның қазір қайда екенінен хабарсыз. Исламдық "таза дін" қауымының мүшесі Мұхамбетов Чехиядан қазанның 10-да депортацияланған болатын.
АҚШ президенті Барак Обама бүкіл әлем жұртшылығының бүгінгіден де жақсы болашақ болады деген үміт- сенімін оятқаны, ядролық қару қорларын қысқартуға шақырғаны үшін Бейбітшілік сыйлығын жеңіп алды.
Франция президентінің Қазақстанға сапары басқа мәселелерден гөрі елдің экономикалық мүдделерін көбірек көздегендей болды.
Қазанның 6-сы күні Астанаға мемлекеттік сапармен келген Николя Саркози Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Ол «Қазақстан ЕҚЫҰ стандарттары барлық нормаларын толық іске асыруға ұмтылуда» деп баға берді.
Азаттық Радиосы (Азат Еуропа/Азаттық Радиосының қазақ қызметі) интернет журналистика саласында әлемдегі ең мәртебелі Online Journalism Awards сыйлығының жеңімпазы атанды.
Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында алты адам террорлық акт жасауға дайындалған деп танылғандығы жөнінде КТК телекомпаниясы хабарлады. Алайда бұл іске қатысты әзірге сауалдар тым көп.
Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында өрт бүгін күндізгі сағат 14.30-да басталған. Өрт жалыны өндірістік цехтардың бірінен шығып, біраз алаңды шарпып өткен.
Евгений Жовтисті қорғап, қолдау көрсету науқаны жалғасуда. 15 қыркүйекте Варшавада Қазақстан елшілігі алдында Жовтисті қолдау пикеті өткізілді. Оны жергілікті азаматтық белсенділер ұйымдастырды.
Жексенбі күні Талдықорғандағы наркодиспансерде шыққан өртте кемінде 38 адам қаза тапты. Өрт шыққан кезде мекемеде жетпістен астам адам болған.
Атырау қаласында жаңадан салынып жатқан көпірдің бір бөлігі құлап, қайғылы жағдай болды. Көпір жұма күні кешке құрылыс-монтаж жұмыстары барысында Жайық өзеніне құлады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Қазақстанда 35 жыл абақтыға кесілген саяси эмигрант Әлнұр Мұсаев Азаттық радиосына сұхбат берді. Ол Нұрбанктың жоғалып кеткен екі менеджеріне байланысты өз тексеруін жүргізіп, жаңа байламдарға келгендігін айтады.
Қазақстанның құпия қызметінің мүшесі деп күдіктелген адам қыркүйек айында Австрияда сотқа тартылады. Австрия прокуратурасы тергеудегі ол адам өткен жылы қыркүйек айында Венада Әлнұр Мұсаевты ұрламақ болды деп күдіктеліп отыр деген.
2006 жылғы шілденің 14-і күні мыңнан астам полиция мен күрегіш техника Шаңырақ шағын ауданында заңсыз салынған деп танылған жүздеген үй-жайларды бұзуға келгенде тұрғындардың қатты қарсылығына кезікті.
Шыңжаң-Ұйғыр ауданындағы наразылықты әскердің күшімен басқан соң Қытай үкіметі көтеріліске қатысы бар адамдарды қатал жазалайтынын ескертті. Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында осы оқиғаның себеп-салдарына арналған дөңгелек үстел өтті.
ЕҚЫҰ Қазақстан парламенті сәрсенбі күні қабылдаған заң жобасы елде интернет еркіндігі мен сөз бостандығын шектейтінін ескертіп, президент Нұрсұлтан Назарбаевты ол заңға қол қоймауға шақырды.
ҰҚК «Қазатомпромның» бес вице-президентінің үшеуін – Дмитрий Парфенов пен Асқар Қасабековты, Малхаз Цоцорияны қамағаны турасында «Республика» газеті жазды.
Прагада Орталық Азия мен Таяу Шығыстан Еуропаға бағытталған ұзақ мерзімдік энергетикалық тасымал дәліздері жүйесін құруға қолдау көрсету келісіміне ЕуроОдақ, Әзірбайжан, Түркия, Грузия мен Египет қол қойды.
Австриядағы Қазақстан елшілігі Мұхтар Әлиевтің өзіне дәрі қолданғаны жайлы мәлімдемесін толықтай жоққа шығарды. Ал, президенттің ескі құдасы, баспасөздегі қарама-қайшы ақпараттарға қарамастан, әлі де Венада.
Ресми Астана Мұхтар Әлиев өзін елге қайтаруын өтініп, Австриядағы Қазақстан елшілігіне қайрылды деп мәлімдеп үлгергенше, академик елшіліктен кетіп қалды.
Рахат Әлиевтің бір ұлы қазір Англияда. Әкесі Венаға шығуға жол тапқанымен, анасы Қазақстанда қалып отыр. Рахат Әлиев өз балаларын және тіпті бұрынғы әйелін де отбасында болып жатқан жағдай күйзелткенін айтады.
Тағы