Accessibility links

Дэвид Кэмерон Сочиге бармайды


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Камерон. Лондон, 11 желтоқсан 2013 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Камерон. Лондон, 11 желтоқсан 2013 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Камерон 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына бармайды. Бұл туралы үкімет кеңсесіне сілтеме жасап, британдық The Independent басылымы хабарлады.

Сонымен бірге премьер-министр кеңсесі Кэмеронның Сочиге бармауына Ресейдің гейлерге байланысты ұстанымының қатысы жоқ деп мәлімдеген.

Қысқы Олимпиада ойындарына Ұлыбритания делегациясы құрамында мәдениет министрлігінің өкілі бармақшы, бірақ толық тізім әлі анықталған жоқ деп жазады газет.

Бұған дейін АҚШ, Франция және Германия басшыларының Сочидегі қысқы ойындарға бармайтыны туралы хабарланған. Олимпиаданың ашылу шарасында америкалық делегация құрамында бұрынғы танымал теннисші Билли Джин Кинг пен мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Брайн Бойтано болады. Бұл екі спортшы да дәстүрлі емес жыныстық азшылық өкілдері.

Сонымен бірге Молдова мен Литва басшылары да Сочиге бармайтындары туралы мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG