Accessibility links

Назарбаев: Аштық тақырыбын саясиландыруға болмайды


«1932-1933» жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» атты композиция. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.

«1932-1933» жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» атты композиция. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.

Астана қаласында, Абай мен Республика көшелерінің қиылысында 1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына монумент ескерткіш ашылды. Алайда ескерткіш авторы «монумент дұрыс жерге қойылмады» дейді.


Ескерткішке гүл қойған зейнеткер Балқия Әлібаеваның үлкен ағасы 1932 жылғы аштықта қайтыс болыпты. Ағасы сол жылы атқа мініп, алыстағы туыстарына барған, барған бетте адамдар атты сойып алыпты.

«АТТЫ СОЙҒАН ДА, ӨЗІН ӨЛТІРГЕН»

Зейнеткер Балқия Әлібаева Азаттық тілшісіне:

- Атты сойған да, өзін шауып өлтірген. Ағамның артында екі бала қалыпты. Әкем бауырына басты, бірге өстік, - дейді.
Ағасы аштық құрбаны болған Балқия Әлібаева. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.

Ағасы аштық құрбаны болған Балқия Әлібаева. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.


Ол көп жылдар бойы ашаршылық тақырыбын қозғауға тыйым салынып келгенін айтты.

- Қазақстандағылар қандай аштық болғанын енді ғана түсінген сияқты. Ондай аштық тіпті соғыс кездерінде болмаған. Бұл – ұйымдастырылған аштық. Голощекин ұлт пен республиканы жойып жіберу үшін келген. Бар байлықты кәмпескеге салды. Жұрт қырылды, - дейді ол.

«БҰЛ ТАҚЫРЫПТЫ САЯСИЛАНДЫРУҒА БОЛМАЙДЫ»

Ескерткішті ашуға жиналғандар аштық құрбандарын үнсіздікпен еске алды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі.

Назарбаев «Аштықтан Қазақстанда бір жарым миллионнан астам адам қырылды, 600 мыңнан астам адам аштық пен қуғын-сүргіннен бас сауғалап, елінен кетті...Тарихты таразылағанда көреген болуымыз керек және бұл тақырыпты саясиландыруға болмайды» деді.

«ҚАРА КЕРЕГЕ»

Ескерткіш монументте ана мен баланың мүсіні қойылған. Авторы - Валерий Пирожков. Ал артындағы «қара керегені» ұсынған - Орал Әлібаев.

Сәулетші Валерий Пирожков:

- Әйел балам аман қалсын деп жалбарынып тұр. Бала жүген ұстап тұр. Жүген – үміт, оңалуға деген үміттің белгісі, - дейді.

Монументте киіз үйдің бір бөлігі - «қаралы кереге» бар. Авторы - Орал Әлібаев. Оның әке-шешесі 1930 жылдары дүниеге келген екен.
Архитектор Орал Әлібаев «1932-1933» жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» атты ескерткіш кешені авторларының бірі. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.

Архитектор Орал Әлібаев «1932-1933» жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» атты ескерткіш кешені авторларының бірі. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.


- Әйтеу тірі қалған. Жер басып жүргенім сол кісілердің арқасы. Осы монумент арқылы өтелмеген парызымды өтедім, - дейді ол.

Алайда Орал Әлібаев «монумент дұрыс жерге қойылмады» дейді. Айтуынша, «Қаланың оңаша, тыныш жері жөн болар еді. Ал қазіргі тұрғаны - ескі қаланың ортасы. Мұнда шетелдік делегациялар келмейді, мемлекеттік және халықаралық шаралар қаланың жаңа жағында, Есілдің сол жағалауында өтеді».

- Миллиондарға қойылған ескерткіш. Қаланың бұл жері - ию-қию тіршілік. Екі жер айтып едім – билік басқа шешім қабылдапты, - дейді сәулетші.

АШТЫҚ СТАТИСТИКАСЫ

Тарих ғылымдарының докторы Айман Досымбаева 1930 жылдары қазақ халқына қарсы геноцид болды деп есептейді. Оның есебінше, үш миллион қазақ опат болған. «Мұның өзі кеңес кезіндегі мәлімет» дейді ол.
Тарихшы ғалым Айман Досымбаева. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.

Тарихшы ғалым Айман Досымбаева. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.


- 1930 жылдары қазақ элитасы жағдайды айтып, Сталинге хат жазды. Сталин Голощекинге телефон шалып «Қазақтарға не болды? Қазан вокзалында, Омбы мен Орынборда босып жүр дейді ғой» деп сұрапты. Голощекин «Бұлар - көшпелі халық. Әдеті солай» деген екен. Миллиондаған адам қырылып қалды, - дейді тарихшы.

Профессор Қадыржан Абуев қазақ даласында аштық екі рет болғанын айтты. Біріншісі - 1920 жылдары, екіншісі - 1930 жылдары. Оның мәліметі бойынша, төрт миллион адам аштықтан қаза болған. Елдің көбі Қытайға ауып, Ауғанстан, Ресейге босып кеткен. Қадыржанның аталары Ресейге, Тюмень облысына кетіпті, 1934 жылы елге қайтып оралған.

- Аштық Қазақстанда ғана емес, Волга бойында, Украинада да болды. Бірақ ол жақтың жұрты қазақтай қырылмаған. Ол кезде қазақ жеті миллионға жетіп тұрған. Тарихшы ғалым Қадыржан Әбуев. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.

Тарихшы ғалым Қадыржан Әбуев. Астана, 31 мамыр 2012 жыл.

Екі аштықта төрт миллионы қырылды. Көшеде мәйіттер үйіліп жатқан, жинап үлгермеген жағдай болған, - дейді тарихшы.

Астана әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметтері бойынша, аштық жылдары екі миллионнан астам халық опат болған. Ал Нұрсұлтан Назарбаев ескерткішті ашқанда «бір жарым миллион» деді. Қазақстан президентінің айтуынша, аштық пен саяси қуғын-сүргіннен 600 мың қазақ босқын тауып, шетке кеткен.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG