Accessibility links

Екі одақ - екі түрлі экономика


Ресей, Қазақстан, Беларусь басшылары кездесуі қарсаңында Минск қаласындағы Тәуелсіздік сарайына баратын жолды жуып жүрген жұмысшылар. Беларусь, 24 қараша 2013 жыл.

Ресей, Қазақстан, Беларусь басшылары кездесуі қарсаңында Минск қаласындағы Тәуелсіздік сарайына баратын жолды жуып жүрген жұмысшылар. Беларусь, 24 қараша 2013 жыл.

АҚШ қаржы министрлігі Германияның экономикалық саясатын сынады. Бұл сынның қос одақ – Еуропа және Кеден одақтарымен қандай байланысы барын Азаттықтың экономикалық шолушысы талдап көрді.

АҚШ қаржы министрлігінің баяндамасында АҚШ сыртқы саудасының 72 пайызын алып жатқан елдердің макроэкономикалық және валюталық саясатына шолу жасалған.

Егер АҚШ қаржы министрлігі бұдан бұрынғы баяндамаларында «юань курсын төмендетті» деп Қытайдың валюталық саясатын сынап келсе, бұл жолы Германия экономикасына «шүйлікті». Ал Германия экономикасы әлемдік дағдарыс кезінде өркендеп, оның үстіне Еуроодақтың (ЕО) бүкіл экономикалық ауыртпалығын арқалап отыр.

АҚШ қаржы министрлігі Германияның экспорттық саясатын сынап, «әлемдік экономиканың тепе-теңдігін бұзып отыр» деп айыптайды.

Қазір көптеген елдер ішкі сұраныс пен импортты азайтуға бағытталған реформалар жүргізуге мәжбүр.
Германия канцлері Анжела Меркель Бундестагта сөйлеп тұр. Берлин, 14 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Германия канцлері Анжела Меркель Бундестагта сөйлеп тұр. Берлин, 14 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ал Германия экспортты ұлғайтып, Еуропаның әлсіз дамыған елдерінің экономикалық дамуына қысым жасап келеді. АҚШ сарапшыларының пікірінше, «бұл жағдай Еуропа мен бүкіл әлемде баға мен жалақының өсуін тежейді, тұтыну қабілетін төмендетіп, бизнес инвестицияларының да азаюына әсер етеді».

ЕО-ның өз ішінде де Германия саясатын сынау жиілеп келеді. Мысалы, қазан айында Францияның өнеркәсіп министрі Анри Монтебур Германияның мүддесін қорғайтын Еуропаның Орталық банкі саясатын сөгіп, «еуро тым немісшіл валюта болып барады» деп мәлімдеді.

ЕО: БОЛАШАҚ ӘЛІ ДЕ АЙҚЫН ЕМЕС

Батыс баспасөзінің болжамынша, «ЕО-ның әлі тоқырап тұрған экономикасы 2014-2015 жылдары ғана қалпына келуі мүмкін». ЕО-ға кіретін 28 елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) үшінші тоқсанда небәрі 0,2 пайызға (екінші тоқсанмен салыстырғанда) артып, 0,1 пайыз ғана жылдық өсім көрсеткен.

Еурокомиссияның болжамынша, экономика 2014 жылы - 1,1 пайызға, ал 2015 жылы 1,7 пайызға өседі. Бұрынғысынша рекордты төмен деңгейдегі инфляцияны Еуропаның Орталық банкі 1,4 пайыз болады деп болжайды. Жұмыссыздық деңгейі әлі де жоғары (12,2 пайыз) болғандықтан, ЕО экономикасы қалпына келеді деуге әлі ерте.

Болжамға сәйкес, Кипр мен Словениядағы рецессия келесі жылы да жалғасады. Ал Грецияның қарызы шарықтау шегіне жетіп, биыл ЖІӨ-нің 176 пайызын құрады. Елдің қарызы келесі жылы 0,3 пайызға ғана қысқаруы мүмкін.

КО: ӨСУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАР

Егер цифрларға көз жүгіртсек, Кеден Одағы (КО) экономикасы бөлшек сауда саласындағы бағаның қымбаттауы есебінен өскенін байқауға болады. Мысалы, 2012 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, 2013 жылдың қыркүйегінде ақылы қызмет түрлерінің бағасы көп қымбаттаған. Қызмет ақысы Беларусь елінде 23,8 пайызға, Қазақстанда - 6,9 пайызға, Ресейде 7,3 пайызға өскен. Өткен кезеңдегі есеп бойынша, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіштері жөнінен Қазақстандағы жағдай ғана жақсырақ.

Осы жылдың үшінші тоқсаны қорытындылары бойынша КО елдерінің кейбір көрсеткіштері (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда).

пайызбен

Көрсеткіштер

Беларусь

Қазақстан

Ресей

КО

Өнеркәсіп

95,4

102,1

100,1

100,0

Ауыл шаруашылығы

97,8

105,5

101,8

101,9
Негізгі капиталға құйылған инвестиция 109,3 107,9 100,1 100,0

Жүк айналымы

91,4

99,7

101,8

97,8

Бөлшек сауда айналымы

118,9

112,7

103,8

104,7

Тұтыну бағаларының индексі

110,0

103,3

104,7

104,9

Еуразия экономикалық комиссиясы (КО мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің реттеуші органы) сайтында жарияланған кейбір көрсеткіштерге қарағанда, Беларусьпен салыстырғанда Қазақстанның жағдайы сәл тәуірлеу. Бірақ тұтас алғанда, екі елдің экономикалық көрсеткіштерінің деңгейі шамалас. Баға өскенімен, халық табысының көбеюі әркелкі. Егер аталған мерзімде Беларусь еліндегі кесімді жалақы көлемі - 141,6 пайызға, Ресейде - 113,8 пайызға, Қазақстанда 107,1 пайызға өскен.

КО мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіретін елдердегі жұмыссыздық деңгейі жұмыс істейтін халықтың 5,2 пайызы шамасында деп көрсетілген.

БҰЛЫҢҒЫР БОЛАШАҚ

КО-ның, әсіресе Беларусь пен Ресейдің даму перспективасы бұлыңғыр. Халықаралық валюта қорының болжамдарына сәйкес, 2014 жылы Беларусь экономикасы - 2,5 пайызға, Ресей экономикасы - 3 пайызға, Қазақстан экономикасы 5,4 пайызға өсуі тиіс. Бірақ бұл елдердегі инфляция деңгейі - тиісінше 14,8 пайыз, 5,7 пайыз және 6,3 пайыз. Беларусь халқының төлем қабілеті бұрынғысынша төмендейді.
Беларусьтегі базар маңында тұрған шошқаның басы. "Смена" қозғалысының акциясы. 27 қыркүйек 2013 жыл.

Беларусьтегі базар маңында тұрған шошқаның басы. "Смена" қозғалысының акциясы. 27 қыркүйек 2013 жыл.

Мамандардың пікіріне сәйкес, өнеркәсіп саласының тоқырауы, бәсекелестіктің дамымауы және әскери салаға жұмсалып жатқан шектен тыс шығын Ресей экономикасына кері әсер етуі мүмкін. Ресей бюджетінің негізгі кіріс көзі – мұнай. Яғни, рубль курсын жасанды түрде нығайту мұнай бағасына тәуелді деген сөз. Сондықтан, Ресейдің «голландтық сырқатқа» шалдығу қаупі бар.

Халықаралық валюта қоры мамандарының бағалауынша, инфляцияны тежеуге Беларусь билігінің қауқары жетпейді, әрі елдегі төлем балансының көрсеткіштері де жақсара қоюы екіталай.

Негізгі сауда әріптестері - ЕО мен Қытай экономикасының баяу өсуі мен шикізат бағасының әлем нарығындағы тұрақсыздығы Қазақстан экономикасы көрсеткіштерінің де баяу өсуіне әсер етіп отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG