Accessibility links

Еуразия Одағы ақсақалдарды да екіге жарды


Солдан оңға: Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері - Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин - Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес мәжілісі қарсаңында. Минск, 29 сәуір 2014 жыл.

Солдан оңға: Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттері - Нұрсұлтан Назарбаев, Александр Лукашенко және Владимир Путин - Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес мәжілісі қарсаңында. Минск, 29 сәуір 2014 жыл.

Бір топ ақсақал Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге қарсылық білдіріп, халыққа үндеу жасады. Алайда кей белсенділер биліктің ондай үндеуді тыңдамайтынын айтады.

62 жастағы Серік Сапарғали – биыл мамырда келісімі мақұлдануы тиіс Еуразия экономикалық одағына қарсы үндеуге қол қойған азаматтардың бірі. Алматы қалалық ақсақалдар алқасының ол үндеуі биыл сәуір айының соңына қарай ақпарат құралдарында жарияланған.

«ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН АЙЫРАТЫН ОДАҚ»

2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін «әлеуметтік араздық туғызғаны» үшін тұтқындалған қоғамдық белсенді Сапарғали Қазақстан, Беларусь және Ресей бірлесіп құратын жаңа экономикалық одақты мақұлдамайды.

Оның сөзінше, «Еуразия экономикалық одағы Қазақстанды Ресей мүддесіне Азаматтық белсенді Серік Сапарғали. Алматы, 15 қазан 2012 жыл.

Азаматтық белсенді Серік Сапарғали. Алматы, 15 қазан 2012 жыл.

жығып беріп, тәуелсіздігінен айыратын саяси одақ екенін ашып айтып, билікті сынайтын ақсақал аз».

– Қазақстанда әртүрлі ақсақалдар ұйымы бар. Басым көпшілігі биліктің сөзін сөйлейді. Сондықтан Еуразия Одағына қарсылығымызды білдіргенде оларға хабарласқан жоқпыз. Өйткені көпшілігін бұрынғы партия-совет қызметкерлері басқарып отыр. Ешқандай ұйымға кірмейтін, бұрын жоғары лауазымды қызметтер атқарған ақсақалдар да бар, бірақ олар да мұндайға араласпайды, – дейді ол Азаттық тілшісіне.

Серік Сапарғали сондай кейбір ақсақалдардың билік саясатына қайшы келетін үндеуге қол қоюдан бас тартқанын айтады.

«ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЖЕТ ОДАҚ»

Серік Сапарғали айтқандай бұрын лауазымды қызмет атқарған ақсақалдардың бірі – республикалық ардагерлер ұйымы орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбай. Бұрын сенат депутаты, жоғары оқу орындары басшысы болған Жеңіс күні қарсаңында қыдырып жүрген соғыс ардагері. Семей, 9 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жеңіс күні қарсаңында қыдырып жүрген соғыс ардагері. Семей, 9 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Озғанбайдың Еуразия одағы жайлы көзқарасы Сапарғалидыкімен сәйкес келмейді.

– Бұл одақ Қазақстанға өте қажет. Біз Еуразия одағына тәуелсіздігімізге әсері болмайтын дәрежеде қатысып отырмыз, – дейді ол.

Озғанбайдың сөзінше, «Қазақстандағы өмірлік тәжірибесі мол ардагер ақсақалдар да елдің бірлігі мен болашағына үлкен түсіністікпен қарайды».

Ол өзі басқаратын, «құрамында 1 миллион 700 мыңға жуық мүшесі бар республикалық ардагерлер ұйымы – билік санасатын үлкен күш» екенін айтады.

«БИЛІК АҚСАҚАЛДАРДЫ ТЫҢДАМАЙДЫ»

Қазақстанда қоғамдық ұйымдар қатарында жүретін, «Ақсақалдар алқасы» не «Ардагерлер ұйымы» деп аталатын бірлестіктер бұған дейін биліктің саясатын қолдайтын бастамаларымен көзге түсетін. Мысалы, Маңғыстау облысындағы 2011 жылғы ондаған адамның қазасына ұласқан Жаңаөзен оқиғасынан кейін ол қаланың атын өзгерту жөнінде бастама көтерген де сондағы қалалық ақсақалдар кеңесі еді.

Маңғыстаулық ақсақалдардың бірі, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның мүшесі Әділ Жұмалұлы ол бастамалары орындалмай қалған билікшіл ақсақалдар ұйымының белсенділігі содан кейін бәсеңсігенін айтады. Ол Еуразия Одағына қарсы үндеу жазған ақсақалдардың ісінен бір нәтиже шығатынына да сенбейді.

– Билік өз сөзін қолдайтын санаулы ақсақалдармен ғана сөйлеседі, басқамызды керек те қылмайды. Сондықтан ақсақалдардың қарсылығымен есептесе қоятынына күмәнім бар. Өйткені ақсақалдардың билікке ықпал етіп, мәселе шешкенін көргенім жоқ, – дейді ол.

«Билік ақсақалдармен санаспайды» дейтіндердің енді бірі – Қарағанды Айтқожа Фазылов "Қарсылық жиынында" сөйлеп тұр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

Айтқожа Фазылов "Қарсылық жиынында" сөйлеп тұр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

облысындағы еңбек ардагері, қоғамдық белсенді Айтқожа Фазылов. Ол «Қазақстанның әлемнің гүлденген елдерімен емес, жаңа технологиясы мен ғылымы жоқ, шикізат сатып күнелтетін елді үлгі тұтып, сонымен одақтасқанына» қынжылады.

– Бірақ ақсақалдар айтты екен деп, билік мойын бұрады дегенге сенбеймін. Жиырма жылда ешкімді тыңдап көрмеген билік бір күнде ақсақалдарды тыңдай қояды деп ойламаймын, – дейді ол.

Қазақстанда Еуразия экономикалық одаққа қарсы акциялар осыған дейін бірнеше рет өткен еді. Наразылар бұл одақ елдің саяси, экономикалық еркіндігіне қауіп төндіретінін айтады.

Еуразия экономикалық одағы туралы келісімге биыл мамыр айында Астана қаласында қол қойылып, одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуі тиіс.

ВИДЕО-САУАЛНАМА: Еуразия Одағы керек пе?
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG