Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Жарқынбек пен Арман


Айтыскер Жарқынбек Наушабеков. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Айтыскер Жарқынбек Наушабеков. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкентте республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.

Алғашқы күні сахнаға шыққан соңғы жұп - Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Жарқынбек Наушабеков пен көкшетаулық айтыскер Арман Бердалин.

Бірінші болып сөз бастаған Жарқынбек Наушабеков Абылай ханды «Шығыстағы жеті жұрттың тілін білген» деп сипаттады:

– Кешегі нар Абылай ілім білген,
Атқарар әр ісінің түбін білген.
"Сабалақ" боп жүргенде-ақ түйе бағып,
Құлағын айналаға түріп жүрген.
Сол бала есейгенде хас батыр боп,
Дұшпанын ерегескен түңілдірген.
Хан-сұлтанның бастарын біріктірген
Тақ үшін өз ішінен іріп жүрген.

Білімді, өнерлі де, өжет болып,
Сауатты боп ислам дінін білген.
Өз тұсынан оқ бойы озық тұрған,
Шығыстағы жеті елдің тілін білген.
Бар қазаққа хан болған он-ақ жылда,
Көтерген қайыспастан ғасыр жүгін.

Ақын Арман Бердалин. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Ақын Арман Бердалин. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Ақын Арман Бердалин өзінің өлкесін мақтап, жырға қосты:

– Атқан оғы жетпейтін мергендердің,
Ордалы Оқжетпестей жерден келдім.
Көз құмарын қандырар көргендердің,
Тұнған сылқым сексен көлден келдім.
Талай көшпен бастаған керуендерін,
Хан мен төре жайлаған төрден келдім.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG