Accessibility links

Жаңаөзенде «Голос республики» және «Правда Казахстана» газеттері тәркіленді


«Голос республики» газеті. 16 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет).

«Голос республики» газеті. 16 қазан 2009 жыл. (Көрнекі сурет).

Полицияның мәлімдеуінше, газеттер «экстремизмнің белгілері болуы мүмкін» деген күдікке ілініп, арнайы сараптамадан өтпек.


Тіркелмеген «Алға» партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі Айжангүл Әмірованың айтуынша, қазанның 24-і күні Жаңаөзен полициясы «Голос республики» және «Правда Казахстана» газеттері тиелген көлікті тоқтатып, бұл газеттерде «экстремизмнің белгілері болуы мүмкін» деген күдікпен бәрін тәркілеп алған.

«ЖАЙСЫЗ ГАЗЕТ» ЖӘНЕ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС

Айжангүл Әмірова бұл газеттерді жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша өткен аптада Алматыдан пойызбен алдыртқанын айтады. «Оның көбісі таратылып, қалғаны сол («Голос республики» газетінің 14 қазан күні саны – 279 дана, «Правда Казахстана» газетінің соңғы саны – 39 дана) болатын» дейді ол.

– Мен үйде болғанмын. Таңертең маған жүргізуші хабарласып, полиция тоқтатып, багажникті тексерген Айжангүл Әмірова, тіркелмеген "Алға" партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі. Алматы. 7 маусым 2011 жыл.

Айжангүл Әмірова, тіркелмеген "Алға" партиясының Алматы қалалық бөлімшесінің жетекшісі. Алматы. 7 маусым 2011 жыл.

кезде газеттерді көріп қалғанын айтты. «Мынау кімдікі?» деп сұраған кезде ол «Айжангүл Әмірованыкі» деген. Мен полицияға барам дегенше полицияның өздері келіп тұр екен, – дейді Айжангүл Әмірова Азаттық тілшісіне.

Айжангүл Әмірованың айтуынша, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы жүргізуші екеуіне түсініктеме жаздыртқан, бұл істі қарауды басқарманың экстремизммен күрес бөлімі қолға алған.

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасындағы экстремизммен күрес бөлімінің өкілі Нұрбол Телмағамбетов газеттің тәркіленгенін растады. Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалмаған.

– Тергеуші тәуелсіз тұлға ретінде сараптама нәтижесіне қарап, қылмыстық іс қозғау-қозғамау туралы мәселені шешетін болады, – деді Нұрбол Телмағамбетов.

«Голос республики» газеті бас редакторының орынбасары Оксана «Голос республики» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушина. Алматы, 31 наурыз 2011 жыл.

«Голос республики» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушина. Алматы, 31 наурыз 2011 жыл.

Макушина газеттің мұндай себеппен тәркіленгеніне аң-таң.

– Біз нақты қай материал біреулердің күдігін тудырғанын айта алмаймыз. Бірақ елімізде бәрі мүмкін екенін ескерсек, «жайсыз газетте» жарияланған зілсіз мақаланың өзінен біреулер қандай да бір «араздық қоздыруды» көруі мүмкін деп қауіптенеміз, – дейді Оксана Макушина.

СОТ ҮКІМІ

Дәл осы күні Алматы қалалық соты тәркіленген екі газеттің бірі – «Правда Казахстана» басылымының иесі Қазақстан коммунистік партиясына байланысты шешімді қарады. Сот бұл партияның жұмысын алты айға тоқтату туралы қазанның 4-і күні шыққан шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бұл істе партияны қорғаған адвокат Геннадий Намның айтуынша, бүгіннен бастап күшіне енген шешімді енді жоғарғы сот қана тоқтата алады:

– Қадағалау бойынша сот шешімін қайта шағымға бере алмаймыз. Тек бас прокурордың атына, бұл сот шешімінің күшін жою жөнінде жоғары сотқа шағым түсіру туралы өтініш жаза алады.

Геннадий Нам партия басшысы Ғазиз Алдамжаровтың бас прокурорға Қазақстан коммунистік партиясының басшысы Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 29 маусым 2011 жыл.

Қазақстан коммунистік партиясының басшысы Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 29 маусым 2011 жыл.

өтініш түсіретінін айтты.

Адвокаттың дерегінше, сот отырысы екі сағатқа созылған, істі судья Еркін Жанғозин қарапты.

Қазанның 4-і күні Алматының ауданаралық әкімшілік соты Қазақстан коммунистік партиясының қызметін алты айға тоқтату туралы шешім шығарып, партия жетекшісі Ғазиз Алдамжаровқа 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған еді.

Оған «Халық майданы» қозғалысының ісіне «заңсыз араласқан» деген айып тағылған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG