Accessibility links

Панджшер халқы Абдуллаға үміт артады


Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла (көліктің төбесінде қолын бұлғап отыр) Панджшер провинциясы тұрғындарымен кездесуге келді. Ауғанстан, 31 наурыз 2014 жыл.

Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла (көліктің төбесінде қолын бұлғап отыр) Панджшер провинциясы тұрғындарымен кездесуге келді. Ауғанстан, 31 наурыз 2014 жыл.

Әлемде Абдулла Абдулланы сабырлы сөйлеп, жақсы киінетін бұрынғы сыртқы істер министрі ретінде таниды. Ауғанстандағы Панджшер алқабының халқы оны өз адамы санайды.

Егер Абдулла Абдулла Ауғанстанның жаңа президенті болса, бәрінен бұрын Панджшер халқы қуанады. Абдулла Гиндикуштың қарлы қыратының етегіндегі табиғаты көркем аймақта өмірге келмесе де, осы өлкенің тұрғындары оны туған ұлындай көреді.

«ХАЛЫҚ МҰҢЫН ТҮСІНЕДІ»

Панджшерде көше бойында, терезелер мен автокөліктерде Абдулланың суреті басылған плакаттар ілінген. Оқушылар оның өмірбаянын мектепте оқиды, дін қызметкерлері мешітте оның сөзінен мысал келтіреді.

Әлем халқы Абдулла Абдулланы 2009 жылы президенттік сайлауға түскен, Хамид Карзаймен бірге екінші айналымға өткен сыпайы мінезді бұрынғы сыртқы істер министрі деп қабылдайды. Бірақ Панджшер тұрғындары оны «дәрігер» деп атап, өз араларынан шыққан адам деп мақтан тұтады.

Кабулден Панджшерге апта сайын келетін Абдулла костюмы мен галстугін Панджшер тұрғыны, бұрынғы моджахед Дастагир Шофаи.

Панджшер тұрғыны, бұрынғы моджахед Дастагир Шофаи.

тастап, дәстүрлі киімін киіп жүреді. Жергілікті мешітке барып, намаз оқып, тұрғындарды үйіне шақырады.

Дастагир Шофаи - советтік шабуыл кезінде де, кейін тәліптермен соғысқанда да Абдулланың жанында болған бұрынғы моджахед сарбазы. Түсі суық, сақалды Шофаи Абдулланы неліктен отбасының бір мүшесі санайтынын: «Дәрігер Абдулла - біздің ініміз, жиеніміз және немереміз. Ол Панджшердегі адамдардың мұң-мұқтажы мен жоспарын біледі» деп түсіндіреді.

ПАНДЖШЕРДІҢ МАҚТАНЫШЫ

53 жастағы Абдулла Абдулла 5 сәуір күні көп дауыс жинаған үміткерлердің бірі саналады. 26 сәуір күні жарияланған алдын ала есептеу нәтижесі бойынша, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 44,9 пайызының қолдауына ие болған Абдулла Абдулла алда келеді. Оның негізгі бәсекелесі - бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани 31,5 пайыз дауыс жинаған. Үшінші орында тұрған тағы бір бұрынғы сыртқы істер министрі Залмай Расулге сайлаушылардың 11,5 пайызы дауыс берген.

Дауыс берудің түпкілікті нәтижесі 14 мамыр күні белгілі болмақ. Кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан асатын дауыс жинай алмаса, мамырдың соңында сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Мамандығы хирург Абдулла өмірінің көп бөлігін өткізген, 1979-1989 жылдары совет басқыншылығына, талибтерге қарсы күрескен Панджшерде сайлаушылардың 90 пайызының қолдауына ие болды. Панджшерде қираған бұрынғы совет әскери танкісінің қаңқасы.

Панджшерде қираған бұрынғы совет әскери танкісінің қаңқасы.

Осы аймақта 1980 жылдары Абдулла жараланған моджахед жауынгерлерін емдеді. Ол 1990 жылдары совет әскеріне қарсы топты басқарған әйгілі командир Ахмад Шах Масудтың жанында болып, талибтермен соғысты.

Тәжіктер көп тұратын Панджшер тұрғындары Абдулланың Кабулде өмірге келгеніне, этникалық тегі пуштун екеніне, әкесінің Талибанның орталығы Кандагарда туғанына көз жұма қарайды. Есесіне оның анасы - Панджшердің тумасы.

Панджшерде тұратын 35 жастағы ағаш ұстасы Файсалдың пікірінше, провинция тұрғындары осы өңірден шыққан тұлғаларға тірек болуға тиіс, оның ішінде Ахмад Шах Масудтың інісі Ахмад Зия Масуд та бар.

Президенттікке үміткер Залмай Расулдың одақтасы Ахмад Зия Масуд көп уақытын Ауғанстаннан тыс өткізді, ағасымен бірге көп шайқасқан жоқ. Бірақ Файсал "басқа саясаткерлермен салыстырғанда, Абдулла - Панджшердің қарапайым тұрғыны үміт артатын адам" дейді.

«Дәрігер Абдулла Ахмад Шах Масудпен бірге шайқасты, ол жақсы адам, Панджшер үшін өз басын оққа тіккенін құрмет тұтамыз. Біз Ахмад Зия Масудті де қолдаймыз, бірақ дәрігер Абдулланың орны бөлек» дейді ол.

МАСУДТЫҢ АРМАНЫ

Фейсалдың айтуынша, Абдулла Панджшерге әр бейсенбі сайын келеді, жергілікті тұрғындарды үйіне қонақ етеді. Онан соң жергілікті мешітке барып, кейін Кабулге қайтады. Ауғанстан президенттігіне кандидат, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла.

Ауғанстан президенттігіне кандидат, бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла.

Абдулланың ағасы Абдул Рахим оның Панджшердегі екі қабатты үйінде тұрады. Оның айтуынша, немере інісі қарапайым халықтың мүшкіл халін түсінеді, сондықтан сый-құрметке ие.

«Абдулла адамдардың игілігі үшін сөйлейді, шаруалар мен жұмысшылардың тағдырын ойлайды. Ол - адал адам, ешқашанда билікті асыра пайдаланбайды. Сондықтан да оны елдің бәрі, кәрі-жасы түгел жақсы көреді» дейді 75 жастағы қария.

Соңғы алты жылын оппозиция жетекшісі ретінде өткізген Абдулла сайлаудағы негізгі екі бәсекелесі – бұрынғы қаржы министрі Ашраф Гани мен бұрынғы сыртқы істер министрі Залмай Расулдың Ауғанстанда соғыс басталған кезде Батыста кеткенін ескертті. Ол кезде Абдулла елде қалып, халықты қорғаған.

Соңғы отыз жылда соғыс зардабы әлі өшпеген Панджшер алқабында советтік танкілердің сынықтары мен талибтердің қаруы шашылып жатыр. Ауғанстанның Панджшер алқабындағы Ахмад Шах Масудтың суреті.

Ауғанстанның Панджшер алқабындағы Ахмад Шах Масудтың суреті.

Кейбіреулер «Панджшер арыстаны» деген атпен танымал Ахмад Шах Масудке жақын болғаны үшін Абдулла Абдулланың дәрежесін биік санайды. Елдегі азаматтық соғыс пен 1990 жылдары Талибан билігі кезінде Абдулла Масудтың оң қолы болды. Масуд 2001 жылы 11 қыркүйек күнгі АҚШ-тағы террорлық шабуыл қарсаңында опат болды. Оның сүйегі алқаптағы үлкен ескерткіштің астында жатыр.

Рахимның айтуынша, Абдулла мен Масуд ағасы мен інісі тәрізді жақын болған. «Масудқа одан жақын ешкім болмады, әріптесі, досы және шәкірті еді» дейді Рахим.

Панджшер сарбазы Хамид "марқұм Ахмад Шах Масудтың арманын жүзеге асыратын адам Абдулла ғана" дейді.

«Масуд көп қателік жасады. Бірақ ол күшті, бірлігі жарасқан Ауғанстан құруды арман етті. Алланың жәрдемімен дәрігер Абдулла басқалардың қолынан келмеген істі жүзеге асырады» деп сенеді ол.

Фруд Бежанның мақаласын аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG