Accessibility links

АҚШ-та туған балалардың жартысынан көбі – аз ұлт өкілдері


Жас босанған ана мен баласы. Флорида, АҚШ. (Көрнекі сурет)
Жас босанған ана мен баласы. Флорида, АҚШ. (Көрнекі сурет)

АҚШ тарихында тұңғыш рет осы елде туған балалардың жартысынан астамы аз ұлт өкілдері болды. Халық санағы бюросының өткен аптада жариялаған мәліметі бойынша, елде былтыр маусымға дейінгі соңғы 12 айда туған балалардың 50,4 пайызы – латын-америкалық (немесе испан тілді), афро-америкалық және азиялық аз ұлттардың, ал 49,6 пайызы – жергілікті ақ нәсілді азаматтардың сәбилері.


Соңғы мәліметтер бойынша, АҚШ-тағы латын-америкалықтар былтыр 2,5 пайызға, ал азиялықтар 2,2 пайызға өскен. Бұл екі топ – осы мемлекеттегі ең жылдам өсуші халықтар. Олардың біріншісі – АҚШ халқының шамамен 16,7 пайызын, екіншісі 4,8 пайызын құрап отыр.

Халықтың 12,3 пайызын құрайтын афро-америкалықтар соңғы жылдары шамамен жыл сайын бір пайыз деңгейінде өскен.

Гавай, Калифорния, Нью-Мексико және Техас сияқты төрт штатта, сонымен қатар Вашингтонда аз нәсілдер мен ұлттар саны 50 пайыздан асып жығылды. Олар Нью-Йорк, Лас-Вегас және Мемфис сияқты үлкен қалаларда да көпшілікке айналды.

Болашақта бұл үш топ (латын-америкалық, афро-америкалық және азиялық ұлттар) өкілдерінің саны арта береді деген болжам айтылып отыр. Себебі АҚШ-қа соңғы кездері барған иммигранттардың дені – жастар, әрі олардың бала-шағасы да көп. Сондықтан тұрғылықты америкалықтарға қарағанда бұл топтардың жас айырмашылығы да өзгеше. Мәселен, АҚШ-тағы латын-америкалықтардың орташа жасы – 27, ақ нәсілдің орташа жасы – 42 жас.

ЗАҢ

Зерттеуге өзек болып отырған осы уақыт аралығында ақ нәсілді тұрғындар өте баяу өскен. Мамандар «олар өздерінің азшылыққа айналып бара жатқанын көріп отырғандықтан бұл демографиялық өзгеріс АҚШ-тың саяси, әлеуметтік және экономикалық тұрмыс-тіршілігіне көп әсер етуі мүмкін» дейді.

АҚШ-тағы бұл демографиялық өзгеріс әсіресе соңғы жылдары қатты байқалды.

Бұл елдің негізін қалаған еуропалық халықтар ұрпақтары ұзақ жылдар бойы нәсілшілдікке, құлдыққа, азаматтық соғысқа қарсы және азшылықтың азаматтық құқықтары үшін күресіп келген. Олар жақында ғана иммиграция мәселесін тағы да қызу талқылады.

АҚШ-тағы халық санағы бюросының бұл дерегі жарияланған кезде осы елдегі иммиграцияға қатысты заңдары аса қатал Аризона штатының заңсыз иммиграцияға қатысты кейбір құжаттарын жоғарғы сот қайта қарап жатқан еді.

Басқа бірнеше штаттар да «мұндай заңдар елге ағылып кіріп жатқан шетелдіктері тежеуге арналған» деп есептейді.
XS
SM
MD
LG