Жұма, 21 қараша 2014, Алматы 23:30


САЯСАТ

Назарбаев «жұртшылықты біріктіру үшін» ерте президенттік сайлау өткізуді ұсынды

Қаңтардың 31-інде Астана қаласында үндеу жолдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев референдум өткізуді ұсынған бастамашыл топқа рақмет айтып, конституциялық кеңестің шешіміне қарсы шықпайтынын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Мультимедиа


Қазақстан президенті шағын үндеу жолдай отырып, екі түрлі мәселеге назар аударта сөйледі. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, «ел ішінен шыққан» бастамашыл топтың талап-тілегі көпшілік халықтың тілеуімен үндес шығып жатыр. Бірақ ол «демократиялық жолмен сайланған тұңғыш президент» ретінде «ата заңға адалдығын айқындайтын тағылымды дәріс» көрсету үшін конституциялық кеңестің шешіміне қарсы шықпайды.

«ХАЛЫҚТЫ БІРІКТІРУ»

Нұрсұлтан Назарбаевтың қисыны бойынша, бір жағынан өзін қолдаушы бұқара халықтың ыстық ықыласы күйдіріп барады. Екінші жағынан тұңғыш президент деген мәртебесін пайдаланып, референдум арқылы еш сайлаусыз билігін ұзартса, «болашақ саясаткерлерге жаңылыс бағыт сілтемекші». Оның үстіне заңның дұрыстығын қадағалаушы ең биік дәрежелі орган ретінде конституциялық кеңес парламенттің референдумға қатысты негізгі заңға өзгеріс енгізу туралы ұсынысын кері қайтарып тұр.
Қазақстан президенті осы қалыптасқан жағдайдың «жұртшылықты екіге бөлетін» ахуал екеніне меңзейді.

Қазақстан президенті осы қалыптасқан жағдайдың «жұртшылықты екіге бөлетін» ахуал екеніне меңзейді. Ол һәм «сайлаушылардың басым көпшілігін құрайтын бастаманы кері қайыра алмайды», һәм конституцияны өзгерткісі келмейді. «Күрделі саяси мәселені» шешу үшін Назарбаев өзінің өкілетін 2020 жылға дейін ұзартуды көздейтін референдумды өткізбеу туралы шешім қабылдағанын жеткізді. Оның орнына «Қазақстан халқын біріктіру» үшін мерзімінен бұрын, яғни биыл, жаңадан президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс енгізіп, осы туралы заңды парламент қарауына жібергенін жария қылды.

Президент Назарбаев «жұртшылықтың қалай бөлінгенін», неге шұғыл түрде «елді біріктіру» қажет болғанын және бұл мәселенің неліктен тек ерте президенттік сайлау өткізу арқылы шешілетінін анықтап айтпады. Әдеттегідей сөзінің соңында Назарбаев Қазақстанның "индустриялық-инновациялық және әлеуметтік жаңғыру жолында" келе жатқанын айта кетті.
Назарбаев «Қазақстан халқын біріктіру» үшін мерзімінен бұрын, яғни биыл, жаңадан президенттік сайлау өткізуді ұсынды.

Қаңтардың 31-інде, сәл ертерек Қазақстанның конституциялық кеңесі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін республикалық референдум арқылы ұзарту туралы парламент қабылдаған конституциялық заңға қатысты ұйғарымын жария еткен еді. Конституциялық кеңес бұл заң Негізгі заңның ережелері мен нормаларына қайшы келеді деп тапқан болатын.

ХАЛЫҚТЫҢ ПІКІРІ

Қазақстан президентінің дүйсенбі күнгі үндеуіне қатысты қазақстандық сарапшылар мен саясаткерлер Азаттық радиосына төмендегідей пікір айтты.

Саясаттанушы Айдос Сарымның ойынша президентті мұндай қадамға итермелеген үш фактор бар. Біріншісі - Батыс елдерінің референдумға қатысты теріс позиция ұстануы. Екіншіден - осы жағдайды пайдаланып, Назарбаев парламентке сайлау туралы жаңа заң жобасын ұсыну арқылы өзіне тиімді бірқатар жаңа жеңілдікке қол жеткізбекші. Үшінші себеп Ресеймен байланысты. Ол жайында саясаттанушы Айдос Сарым былай дейді:



– Менің түсінігімде, бұл қадамның бір дұрыс жері – алдағы уақытта Ресейде өтетін сайлаудың алдына түсіп сайлау өткізу керек деп өзім де бірнеше рет пікір айтқан болатынмын. Егер ондай болса, Қазақстан өз сайлауын Ресейдің
Қазақстанның президенттік сайлауын Ресейдегі сайлаудан бұрын өткізіп алуы - өте тиімді стратегия.
күн тәртібіне байламай жеке өткізіп алып, Ресейдегі ішкі жағдайға, Медведев пен Путиннің тартысына дейін өзінің мәселесін толық шешіп алғаны бір жағынан тиімді болайын деп тұр.

– Әрине, Қазақстан әлемдегі маңызды ойыншылардың біріне айналып келе жатыр мұнай мен газ саласында. Осы тұрғыдан келгенде Лукашенко сияқты әділетсіз сайлауға не референдумға барып, бүкіл Батысты дүрліктіріп, елімізді изолицияға түсіре алмайды. Ол енді бүгінгі элитаның да, биліктің де, басқалардың да мүдделеріне қарсы келетін нәрсе. Сондықтан бар жағын ойластыра келіп, әлемдегі жағдайды, ішкі жағдайды ескере отырып, осындай қадамға барып отыр деп есептеймін, - дейді Айдос Сарым.

2012 жылы өтуі тиіс болған президенттік сайлауға ертеден қамданып, өздерін кандидат ретінде ұсынып үлгірген тіркелмеген "Алға" партиясының төрағасы Владимир Козлов пен "Жаса, Азаттық!" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлин де бұл жаңалыққа қатысты ойларын білдірді.

Владимир Козловтың пайымына салсақ, президент Назарбаевтың шешіміне әсер еткен негізгі себеп біреу ғана.



– Бір ғана себеп бар. Ол президент Назарбаевтың 2012 жылғы сайлауға қатысып, онда жеңіп шығатынына қатты күмән келтіруі және соған
Президент Назарбаев 2012 жылғы сайлауда жеңіп шығатынына қатты күмән келтірді.
байланысты ішінде туған зор сенімсіздігі... Ал шұғыл түрде жарияланған мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлау алдында оның қарсыластарына дайындалатын уақыт тағы да жетпей қалады. Сөйтіп, ол тағы да әділетсіз түрде үстем шықпақ, - деді Владимир Козлов.

Ал Жасарал Қуанышәлин Қазақстанның саяси өміріндегі оқиғалардың енді қалай өрбитініне қатысты мынадай болжам айтты:



– Барлығы да тікелей Назарбаевтың өзінің алдын-ала жасаған сценариі бойынша өтіп жатқан ойын бұл. Бұрын да сондай болған. Жалпы, Назарбаевтың ешбір сайлауы өз уақытында өтпеді деп айтуға болады.
Назарбаевтың кезінде президенттік сайлаулар көбіне өз уақытында өткен жоқ.
Референдуммен ауыстырған кездері болды. Қазір де 2012-жылы өтетін сайлауды мынандай ойындардан кейін, өзіне ұпай жинап алып (әлгіндей арзан ұпай – «Назарбаев мұндай заң бұзушылыққа көнбеді», «бұл дұрыс деп отыр», «Назарбаев оппозиция айтқандай сайлаудан қорықпай, сайлауға барайын деп отыр», «барлығы бос әңгіме» деп), шетелдік бұлбұлдарға сайратып қояды.

Ресей құптайды, Путин досы бүкіл күштерін қосады. Сөйтіп 2011 жылы аспаннан түскендей қылып, алдын-ала осы сценарийдің негізінде бәрін дайындап қойған сайлауды өткізеді. Бүкіл әкімшілік ресурсты қосады, қолбала сайлау комисияларының бәрі сақадай-сай тұр. Жұрттың бәрі «ал, енді не істейміз» деп отырғанда бұлар бәрін өткізіп жібереді.

Енді оған кім қатысады дегенге келсек, әрине, мен түсемін. Мен бұл президент сайлауына түсіп, қатысуға бар күшімді саламын. Әлбетте, Қазақстан жағдайында қаншалықты мүмкін болады – оны уақыт көрсетеді, - деді Жасарал Қуанышәлин.
Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Адам баласы Қайдан: Атырау облысы
31.01.2011 18:33
+0 / -0
Елбасы еки жеп биге шыкты, жарайсын! Адеми жасап кеттин!!!

Кімнен: Ербол Қайдан: Кызылорда
31.01.2011 18:40
+0 / -0
НӘН-ге кезекті сайлауда жеңіске жету мумкіншілігі мол. Сәттілік оған
Пікір алмасу

Кімнен: НӘНнің құлдарына
31.01.2011 20:48
+0 / -0
"Адам баласы" мен Ербол, байқаңдар, қуаныштан жүректерің жарылып кетіп жүрмесін. Олай болса НӘНнің құлдары азайып қалады ғой. Мұны неге ойламайсыңдар?

Кімнен: Айгуль Кохаева Қайдан: Алматы
31.01.2011 18:44
+0 / -0
Аласұрып, сасып, аптыққанда артында кім екен қуып қысып тұрған? Кім болса да бар екені айқын болды, ал қашқанның амалы қатты қысылғанын көрсетеді.

Кімнен: Айдос
31.01.2011 18:51
+0 / -0
Нұреке, 70-ке келдіңіз, халыққа еңбек еттіңіз, рахмет! Енді Сіздің осылай әдемі демалысқа да шығуыңыз дұрыс! Сіз де демалыңыз, қазақ халқы да сізден демалсын! Алланың өзі белгі беріп жатыр, Мысырдан, дегедей!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2011 08:42
+0 / -0
НӘНге!
Мына Айдостың екпіні жаман, Мысырлықтар сияқты төңкеріп тастамай тұрғанда "тақты" осы жігітке тапсырып құтылыңыз, арты сіз үшін жақсы болмайтын түрі бар. Ойланыңыз!

Өз басым жұртшылықпен бірге сіздің өтірігіңізді ести-ести әбден зеріктім. Қалған өміріңізде жақсылап дем алыңыз, ел қыдырыңыз!

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
31.01.2011 18:59
+0 / -0
Әй, шіркін, өтірігіңе болайын! Сені күйдіріп бара жатқан бұқара халықтың "ыстық" ықыласы емес, өртеп бара жатқаны - жанұяңмен жанталасып ұрлаған-қарлағандарыңнан бір сәтте айрылып қалу қорқынышы ғой!
Көр де тұр, көрге жеткізбей-ақ тіріңде әбжыландай шағар-ақ харамнан жиналған арам дүние-мүлкің!

Кімнен: Айгуль Кохаева Қайдан: Алматы
31.01.2011 19:01
+0 / -0
Қыспаққа тығылған аңдың амалы. Бұлжерде биліктің жедел, белгісіз, болжамдануға болмай әрекет етуі өте қажет болғанға ұқсайды. Шахматтағы блиц турнир болып барады. Бірақ бұл турнирдің құны -тақ!

Азияның нәтижесін қолданып, оппоненттке әрекет емес, ойлауға да уақыт қалдырмау өте қает болып тұрғаны көрінеді. Соған қарағанда Президенттің маңындағылар шахматпен шұғылданып кеткен бе, әлде бәсекелестің басымдығын солай жетіл зерттеп үйренген бе дейсің?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2011 19:05
+0 / -0
Референдум өткізсем халықаралық, елішілік беделден айрыламын, дегенмен осындай халықтың екойлылығынан пайдаланып сайлау өткізсем дұрыс болады, темірді қызуында соқ деген ғой.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2011 19:08
+0 / -0
Alemdegy en uli superderjavanin aralasuimen, ikpalimen jana Prezident bilikke kelip bir sencaya bolsa a!?

Кімнен: оралмаған
31.01.2011 19:35
+0 / -0
"Нұрсұлтан Назарбаевтың қисыны бойынша бір жағынан өзін қолдаушы бұқара халықтың ыстық ықыласы күйдіріп барады"
Осы сөз маған майдай жақты. Дәл қытайдағы Қажығұмар ақсақалдың ащы мысқылына ұқсайды екен.
Менің болжамым: сайлау өтер, тіпті оған Нұрекең қатысып жеңіп те шығар. Бірақ та қайта сайланды деген күнде де 2012ден қалмай үлкен кісі тақтан өз еркімен бас тартатын болады. Қалай дегенде 2012ден кейін Қазақстанды жаңа адам бастайтын болады. Осындай бірдеме боларын қу ішім сезеді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2011 19:52
+0 / -0
Нұрсұлтан Әбішұлы - бірден-бір дұрыс сасаткер, өзінің даналық саяси қадамдарының арқасында халық таңдауы ретінде президент болып отыр. Референдумды өткізбей, халықтың демократиялық түрде сайлау өткізуі бірден бір дұрыс шешім.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2011 20:52
+0 / -0
Мынадай "ләббәй, тақсыр" cөздеріңнің астына "профессор Байдосов" деп қол қоюды ұмытып кетіпсің ғой, пақыр-ау...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
01.02.2011 10:17
+0 / -0
Мынадай "ләббәй, тақсыр" cөздеріңнің астына "профессор Байдосов" деп қол қоюды ұмытып кетіпсің ғой, пақыр-ау...

Сен де өзіңнің аты жөніңнің орнына "топас демократияшыл" деген сөзді қосуды ұмытып кетіпсің ғой байғұс-ау...

Кімнен: Сыр қазағы
31.01.2011 20:18
+0 / -0
Менің ойымша: Нұрсұлтан Назарбаев мықты, айлакер, қу адам. Қолынан ел басқару келеді. Бірақ жас келді, соны түсінген жөн еді. Айнала жағымпаздық, сыбайласқан жемқорлық, ауылдың құлдырауы, қазақ тілінің керексіз болуы, байлықтың халыққа пайдасы тимей, оңды-солды шашылуы оны ойландыруы тиіс. Ел басқарудан өзі де шаршады, қарапайым халық та шаршады. Шаршамағандар "күн астында отырып", өздерінің және туыстарының бар жағдайын жасағандар. Оларға Назарбаевтың алжығанша тақта отыруы қажет. "Азаттық" радиосы сайтын биліктегілер тыңдамайды, мұндағы жазылған елдің ащы мұңын оқымайды деп ойламаймын. Оған қоса биліктің саясат технологтары, пси-технологтары әрбір жазылған пікірді сараптайды.
Бір мәселе - Ресейдің "Интернет" ресурстары Саммит туралы бір ғана мақала жарияласа, Азиада туралы жақ ашпастан отыр. МСН-руді қарап көрсеңіз, бұған көзіңіз жетеді. Қазекең бұрыннан "орыстан досың болса, жаныңда айбалтаң болсын" деп бекер айтпаған. Сол орыстың қолтығына билік әлі тығылуда. Тұжырымды ойлы оқырман өзіңіз шығарарсыз. Бұл менің жеке пікірім.
Пікір алмасу

Кімнен: Құдайға тілек
31.01.2011 20:57
+0 / -0
НӘНнің "қолынан ел басқару келетіні" осы болса, бүйтіп елді мүлде ешкім басқармай-ақ қойғаны жүз артық!
Құдайым бұдан былайғы жерде Қазақстанды Назарбаев сияқты залым басшыдан құтқарсын және сақтасын!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2011 20:32
+0 / -0
Эртен халiқ кiмдi саиласа сол кiсi президент болар,оз оим Карiм Масiм,Бекполат Тлеухан,Жакишев..ден бiреуы болса дим.КАЗАК БАСIНА ЗАЛIМ КЕЛМЕСЫН..ЗАНДЫ ОЗ ПАЙДАСIНА АУСТРАТIН ЖАНЕ КАЗАК ЖЕРIНЫН БАЙЛЫКТАРЫН ШЕТКЕ САТПАЙТЫН АДАМ КЕЛСIН..

Кімнен: Ызалы, шарасыз қазақ
31.01.2011 20:41
+0 / -0
Әйтеуір осы кісіде бір қатты қорқыныш, үрей бар. Неге екенін білмеймін, бірақ біресе референдум деп, біресе кезектен тыс сайлау деп қатты сасып жүр. Әйтпесе жау қуып келе жатқан ешнәрсесі жоқ, сайлауды өз уақытымен-ақ өткізуге болады ғой. Мұнысы бәрібір Конституцияны бұзу болып табылады емес пе? Әлде басқа кандидаттар сайлауға дайындалып үлгіре алмай қалсын дей ме екен?

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
31.01.2011 21:13
+0 / -0
Ата заңымызды референдум өткізіп бұзған не, Президенттік ерте сайлау өткізіп бұзған не? Бәрібір бір ит емес пе?....

Сонан кейін бұл адам анау тәттіден "жаны қалмай" қорқады-ау шамасы? Ол айтып еді, "2011 мамыр айында уақытынан тыс Президенттік сайлау өтеді" деп.... Енді рас болып шықты. Атасының өзі "ләббай" деп отырғаны мынау, соның айтқанынан шықпай!...

Кімнен: Alystagy Qazagyma Қайдан: Qap Tau
31.01.2011 21:20
+0 / -0
Baribir Nursultan apendi qandai da bir sailaudy jengip shygady. Bul kisi aitty aitpady birese referandum birese mezgilinen buryn saylau dep eldi nege durliktiredi? Munyng artynda qandai gaep bar? Qansha otyram dese biilik te erik te Nursultan apendining oz qolynda emes pe?

Кімнен: Астананың қазағы Қайдан: Астана
31.01.2011 22:08
+0 / -0
Не істесе, о істесін! Білген б..тарын жесін!!! Тек қара халықтың жағдайына мойындарын бұрып, қалталарында 2-3-еуден дипломдары бар, бірақ жұмыс таппай жүрген жастарға жұмыс тауып берсінші!!! Жұмыс істеп жүрген, жалақы алатын адамдарды қол жетімді үймен, пәтермен қамтамасыз етсе екен!!! Ел Елбасына да, басқасына да сенуді қойған!!! Тек қолына жұмыс, басына баспана берсе болды. Одан арғысын өзі біледі халық, өз күнін өзі көреді. Маған десе, Ақордаға, Үкімет үйіне, Парламент үйіне құйрықтары неге жабысып қалмайды олардың!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ербол Қайдан: Кызылорда
01.02.2011 00:28
+0 / -0
дипломы бар екен деп саған ешкім жұмыс бермейді, басың бар болса өзің тауып ал

Кімнен: Айбалта
31.01.2011 22:37
+0 / -0
НӘНсіз Сайлау акциясын ұйымдастыру керек! Оян! Алға Қазақстан!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
31.01.2011 22:52
+0 / -0
Егер менің жағыдайымды бүгінгі билік (Президент мырза) жасап берсе мен де солардың сойылын соғар едмі! Бірақ?
Пікір алмасу

Кімнен: Ербол Қайдан: Кызылорда
01.02.2011 00:25
+0 / -0
Тәке, қызықсың, сенің жағдайынды жасау деген басыңа 6 қанатты ақ үй, астына пәленбай миллион тұратын шетел автокөлігін мінгізіп, қойныңа бірнеше сұлуларды салу болып есептеле ме? Дәл осы жерде жеке басыңның қамын ойлап отырсың. Кім менің жағдайымды жасайды мен соның табанын жалауға әзірмін дегенмен бірдей әнгіме айтып отырсың.

НӘН сендердің әкелеріңді өлтірді ме соншалықты жауығатындай?
Пікір алмасу

Кімнен: айдар
01.02.2011 00:44
+0 / -0
менин айайын дегеним яссауишылар зикиршилер сопыларды кудалап жатыр гой назарбаев бир кезде ози солардын крышасы болды гой енди не болып калды ол да оныда тергеу керек кой неге жауапка тартылмайды

Кімнен: Жайлау Қайдан: Теріскей
01.02.2011 01:47
+0 / -0
Бүгінгі Елбасы жариялаған 1- мамыр күні болатын кезектен тыс сайлау ешқандай да жаңалық емес. Ол туралы осыдан бірнеше айлар бұрын Рахат Алиев жазған еді. Айтқаны дөп келді.
Ең дұрысы Референдумның болмағаны жақсы болды. Бұл оппозицияның тірлігі емес, оппозиция ешнәрсе істеген жоқ, олардың қолдарынан ешнәрсе, ешуақытта келмейді.Бұл Назарбаевтың қалай болғанда да өз шешімі. Президент дұрыс шешім қабылдады.Өйтпегенде көз тігіп лтырған әлемге масқара болатын едік. Парламент пен бастамашыл топқа қара күйе жағылды.Тарих бетінде сайқал саясаткерлер ретінде мәңгі қалды.

Кімнен: Өскемен Қайдан: Өскемен
01.02.2011 02:56
+0 / -0
"Елбасымыз" расымен қажыған бүгінгі үндеуінде, кешегі Азиаданың ашылу салтанатында, алдыңғы күнгі жолдауында сөйлеген сәттерінде ұғынықсыз сөздер басым болды, жазып бергенді жеткізе алмауда, расын айтқанда Назарбаев емес халық ұсқынсыз, ертеңгі күні Н бақилық болады айтты айтпады, сонан кейінгі патшалар надан арзанқол ұлтты басқаруды өз жөніне шешеді, тағы надан жұрт шырылдайды... 1001 тірлік
Пікір алмасу

Кімнен: Едіге Қайдан: Алматы
01.02.2011 08:46
+0 / -0
Өте жөн айтылған пікір. Құп алдым. Сықпырт әңгімелер мен бақталастық тек қана халыққа зиянын тигізеді.
Осы күнімізге зар болмасақ игі.... Алла өзің бір шарасын бер.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Азаттық - әлеуметтік желілерде

Azattyq TV

Сіздің JavaScript сөніп қалды, немесе сізде Adobe's Flash Player-дің ескі нұсқасы. Flash player-дің соңғы нұсқасын жүктеңіз.
Жаһан жаңалықтары 21.11.2014i
|| 0:00:00
...  
🔇
X
21.11.2014
Порошенко Еуромайданның барлық құрбандарына қаһарман атағын бермек, Обама 5 млн-ға жуық заңсыз иммигрантты заңды түрде жұмысқа алғызбақшы.