Accessibility links

«Астанада журналист жоғалды» деген хабар тарады


Журналист Тоқберген Әбиев. Астана, 9 қараша 2012 жыл.
Журналист Тоқберген Әбиев. Астана, 9 қараша 2012 жыл.

Төрт күннен бері хабарсыз кеткен астаналық журналист Тоқберген Әбиевті жоқтаушылар оның «жемқорлыққа қатысты сенсациялық баспасөз маслихатын» өткізуді жоспарлағанын айтады.

Журналист Тоқберген Әбиевтің хабарсыз кеткені Алматыда желтоқсанның 24-і күні өткен шұғыл жиында айтылды.

- Тоқберген желтоқсанның 20-сы күні Астанадағы журналистерге «Құрметті әріптестер! Ертең, желтоқсанның 21-і күні сағат 12-де ақырзаманның орнына сенсациялық баспасөз маслихаты өтеді. «Коррупционер түрмеде отыруы керек!» Өкінбейсіздер. Күтеміз!» деген SMS хабарлама жіберген. Сол күні түнде ол пресс клуб кеңсесіне кеткен. Әйеліне «ертеңгі баспасөз маслихатына дайындалуым керек» деп ескерткен. Кеңседен түнгі сағат 22-де шығып, сол кеткеннен әлі жоқ, - деді Алматыда шұғыл баспасөз жиынын өткізген Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев.

Журналист Әбиевтің жұбайы Мира Әбиева ерінің жоғалуына байланысты Астана қаласының ішкі істер департаментіне арыз жазғанын айтты.

- Олар "оқиға болған жер - Астананың Алматы ауданының полициясына ертең
Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев. Алматы, 24 желтоқсан 2012 жыл.
Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев. Алматы, 24 желтоқсан 2012 жыл.
жібереміз, сол жерде қылмыстық іс қозғалады" деді. Ал әзірге Тоқбергенді соңғы көргендер сұралып, кеңсені тексеріп шықты. Бүгін таңертең сөйлескенімде тергеуші «әзірге ілік таба алмадық» деді, - дейді Мира Әбиева Азаттық тілшісіне желтоқсанның 24-і күні.

СОТТАЛҒАН ЖУРНАЛИСТ

Журналист Тоқберген Әбиев «Закон и правосудие» басылымының бас редакторы кезінде, 2008 жылдың 17 мамырында үш жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Қазақстан қаржы полициясы оған «сот органдары қызметкерлерінің үстінен астыртын айғақ жинап беру үшін қаржы полициясының жауапты қызметкеріне 1600 доллар және 50 мың теңге пара бермек болды» деген айып таққан.

2011 жылдың 17 мамырында бостандыққа шыққан журналист Азаттыққа берген сұхбатында ол айыпты мойындамайтынын, өзіне қарсы қозғалған іс кәсіби қызметіне байланысты екенін айтқан.

«Әділ сөз» қорының президенті Тамара Қалееваның сөзіне қарағанда, Әбиев
"Әділ сөз" қорының президенті Тамара Калеева. Алматы, 24 қараша 2012 жыл.
"Әділ сөз" қорының президенті Тамара Калеева. Алматы, 24 қараша 2012 жыл.
түрмеден шыққаннан кейін кәсіби қызметін жалғастыру мақсатында бірнеше рет жаңа газетті тіркемек болды, алайда әділет министрлігі «аты ондай газеттер тіркеуде бар» деген желеумен ешқайсысын тіркемеген. Содан кейін Тоқберген Әбиев Астанада «Альянс казахстанских СМИ «Закон и провосудие» атты баспасөз клубын ашып, соған жетекшілік етіп келген.

Қазақстан журналистер одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев «Тоқбергеннің жоғалып кетуі Оралғайша Омаршанованың ісімен байланысты болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайтынын» айтты. Тоқберген Әбиев әріптесі, «Закон и правосудие» басылымының 2007 жылы белгісіз жағдайда жоғалған тілшісі Оралғайша Омаршанованың ісінің анық-қанығына жетуді көздеп отырғанын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG