Accessibility links

Пхенчханда қысқы Олимпиада ойындары аяқталды


Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі. Пхенчхан, 25 ақпан 2018 жыл
Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі. Пхенчхан, 25 ақпан 2018 жыл

Оңтүстік Кореяда қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Пхенчхандағы жабылу салтанатында олимпиада алауы сөндірілді.

23-қысқы Олимпиада ойындарының бейресми жалпыкомандалық есебінде бірінші орында жиынтық 39 медаль (14 алтын, 14 күміс және 11 қола) алған Норвегия командасы тұр. Бір қысқы Олимпиада ойындарында еншілеген жүлде саны бойынша Норвегия құрамасы бұған дейін 2010 жылы Ванкуверде ең көп медаль (37) алған АҚШ командасынан да озып, рекорд жаңартты.

Қазақстан жалпыкомандалық есепте 28-орын алды. Құрама қоржынындағы жалғыз қола жүлдені фристайлдың могул түрінен жарысқа қатысқан Юлия Галышева иеленді.

Пхенчхандағы ойындарға қатысқан ресейлік атлеттер командасына Олимпиаданың жабылу рәсімі кезінде Ресей туын көтеруге рұқсат бермеді, олар ашылу салтанатындағыдай бүгінгі шараға да Халықаралық олимпиада комитетінің туымен қатысты. Ресей құрамасын бұған дейін 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада кезіндегі допинг жанжалы үшін Пхенчхандағы ойындардан шеттеткен. Осы жолғы Олимпиада кезінде ресейлік екі атлет – Александр Крушельницкий (керлинг) мен Надежда Сергееваның допинг сынамаларынан тыйым салынған препарат белгілері анықталған.

XS
SM
MD
LG