Accessibility links

Әндіжандық босқын Дилором Абдукодирова түрмеден шықты


2005 жылғы Әндіжан оқиғасының куәгері, Өзбекстан билігі 2010 жылы ұзақ мерзімге түрмеге қамаған Дилором Абдукодирова.
2005 жылғы Әндіжан оқиғасының куәгері, Өзбекстан билігі 2010 жылы ұзақ мерзімге түрмеге қамаған Дилором Абдукодирова.

2005 жылы Әндіжанда полиция демонстранттарға қарсы оқ атқан оқиғадан кейін Отанынан кетіп қалып, 2010 жылы шетелден Өзбекстанға қайта оралған соң ұзақ мерзімге сотталған Дилором Абдукодирова маусымның 14-і түрмеден бостандыққа шыққан. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек қызметі хабарлады. Абдукодированың аты-жөнін атамауды туысының айтуынша, оны президент Шавкат Мирзияевтің Ораза айт мейрамына байланысты рақымшылық жариялау туралы жарлығы бойынша қамаудан босатқан.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев маусымның 12-і күні ондаған адамды оларға қатысты шығарылған жазадан толық босату я шартты түрде бостандыққа шығару немесе жазасын жеңілдету қарастырылған жарлыққа қол қойған. Рақымшылыққа іліккендер арасында 39 шетелдік азамат пен қызметіне тыйым салынған ұйымдарға қатысқан 51 адам бар екені хабарланған.


53 жастағы Дилором Абдукодирова Австралиядан Өзбекстанға оралғаннан кейін 2010 жылғы сәуірдің 30-ы күні Өзбекстан сотының үкімімен 10 жыл екі ай мерзімге қатаң тәртіптегі түрмеге қамалған. Оған "шекараны заңсыз кесіп өту", "конституциялық құрылымға қастандық" және "заңсыз діни ұйымға мүше болу" баптары бойынша айыптар тағылған.

Дилором Абдукодирова – 2005 жылғы мамырдың 13-і күні Өзбекстанның үкімет әскері Әндіжан қаласында бейбіт шеруге қарсы оқ атқаннан кейін бас сауғалап көрші Қырғызстандағы Ош қаласына қашқан жүздеген өзбек әйелінің бірі. Оның күйеуі мен ұлы Әндіжанның орталық алаңынан шыға алмай, Өзбекстанда қалған.

Фотогалерея. Әндіжан қырғыны

Кейін әндіжандық босқындар Қырғызстаннан үшінші елдерге барған. Дилором Абдукодированы Австралия паналатқан. Бірақ елде қалған күйеуі одан үйге қайтуын сұрап, үнемі айта бергеннен кейін 2010 жылы Өзбекстанға қайтып оралған соң бірнеше күннен соң Абдукодированы билік тұтқындап, соттаған.

Оқи отырыңыз: Әндіжан оқиғасының хроникасы

Дилором Абдукодирова – Өзбекстан Жоғарғы сотында 2005 жылғы Әндіжан оқиғасы бойынша істе куәлік беріп, қанды оқиға болған күні үкімет әскері Бабыр алаңындағы мыңдаған қарусыз адамға оқ жаудырғаны туралы мәлімдеген жалғыз куәгер Махбуба Закированың туысы. Жоғарғы сот Махбуба Закированың сөзін "жалған, негізсіз" деп таныған.

Соттан кейін Махбуба Закирова ұзақ уақыт милицияның бақылауында өмір сүрген. Дилором Абдукодирова тұтқындалғаннан кейін Махбуба Закироваға балаларын алып көрші елдердің біріне қашудың сәті түскен. Ол БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы коммисары басқармасына пана табуға жәрдем сұрап өтініш берген. Австралия Махбуба Закироваға баспана берген.

Оқи отырыңыз: Әндіжандық босқындар 12 жыл бұрынғы оқиғаны айтуды қаламайды

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Дилором Абдукодированы "ар-ождан тұтқыны" деп жариялап, ресми Ташкентті оны түрмеден босатуға шақырған. Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Дилором Абдукодированы босатуға шақырған петицияға әлемнің 123 елінен 200 мыңнан аса адамның қол қойғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG