Accessibility links

Армения мен Әзербайжан шекарасында не болып жатыр? 300 сөзбен түсіндіреміз


Әзербайжан шекарадағы қақтығыстан қаза тапқандарды жерледі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:38 0:00

Армения мен Әзербайжан шекарасында екі күн атыс болды. Жағдай әлі де ушығып тұр. Еуропа одағы, АҚШ және Ресей екі тарапты сабырға шақырды.

АТЫСТЫ КІМ БАСТАДЫ?

Оңтүстік Кавказдағы қос көрші шекарадағы атысты бастады деп бір-бірін айыптады.

Армения сыртқы істер министрлігі Әзербайжаннан атылған артиллерия оғы 13 шілдеде кеш қайта басылды, Ереван "жағдайды толық бақылауда ұстап отыр" деп мәлімдеді.

Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 13 шілдеде " Бұл арандатуға Арменияның бүкіл саяси және әскери басшылығы толық жауапты" деді.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжанды "арандату жасады" деп айыптап, бұл әрекет "жауапсыз қалмайтынын" айтты.

Сейсенбі күні Әзербайжан қорғаныс министрі Карим Валиев 14 шілдеге қараған түні де атыс болғанын хабарлады.

ҚАНША АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ?

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 12 шілдеде бұрқ еткен қақтығыстан кем дегенде 11 әскери қаза тауып, бесеуі жараланды десе, Армения қорғаныс министрлігі үш сарбазы мен екі полиция офицері жараланғанын айтты.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі 20 армян солдаты өліп, Арменияның әскери техникасы талқандалды деп мәлімдеп, Ереванды ақпаратты жасырып отыр деп айыптады.

Армения қорғаныс министрлігі мұны жоққа шығарды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, екі жақ та артиллерия, миномет және танк қолданған.

ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛҒА НЕ СЕБЕП?

1988-94 жылдары Әзербайжанның Таулы Қарабақ ауданында соғыс болып, 30 мыңға жуық адам қаза тауып, жүздеген мың жұрт босып кеткен.

Армяндар көп тұратын Таулы Қарабақ соғыстан кейін Әзербайжаннан бөлініп, де-факто тәуелсіз өмір сүріп жатыр. Бірақ оның тәуелсіздігін әлі бірде-бір ел мойындамаған. Өзін "Таулы Қарабақ республикасы" деп атайтын бұл ауданды жергілікті армяндар қорғап тұр делінеді. Ал Әзербайжан бұл аймақ Армения әскерінің қорғауында деп санайды.

Дегенмен бұл жолғы қақтығыс Таулы Қарабақтан алыста, екі елдің солтүстік шекарасындағы Тавуш ауылының маңында болды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТАН КӨМЕК БАР МА?

Ресей, АҚШ және Франция төрағалық ететін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобының мұрындық болуымен 1990 жылдары шекарада бітім орнаған. Бірақ қақтығысты дипломатиялық жолмен толық шешу мүмкін болмай отыр.

Қақтығыстан бірнеше күн бұрын келіссөздердің тығырыққа тірелгенін сынға алған Әзербайжан президенті Әлиев Армениямен қайта соғыс болуы мүмкін екенін айтқан.

7 шілдеде Әлиев "ешқандай нәтиже болмаса", келіссөзден шығамыз деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG