Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 165 адамнан коронавирус табылды


Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Медицина қызметкерлері науқастардың жағдайын тексеріп жатыр.
Коронавирус жұққандарды емдейтін аурухана. Медицина қызметкерлері науқастардың жағдайын тексеріп жатыр.

27 тамызда Қазақстанда 165 адамнан коронавирус табылған. Ауру белгісі бар – 111, ауру белгісі білінбеген 54 адам анықталған. Бұл туралы жұма таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысында – 26, Алматыда – 26, Қарағанды облысында – 19, Нұр-Сұлтанда 14 адамнан вирус табылған. Қызылорда облысында науқас тіркелмеген. Бір күнде 540 адам жазылған.

Ресми статистика бойынша, ПТР тестімен расталған науқастар саны жөніндегі аймақтағы жағдай мынадай:

Алматы қаласында – 14 170 (+26)
Нұр-Сұлтан қаласында - 13 798 (+14),
Атырау облысында - 10 883 (+9),
Қарағанды облысында – 10 035 (+19),
Шығыс Қазақстан облысында – 8 114 (+26),
Батыс Қазақстан облысында – 6 732 (+10),
Шымкент қаласында - 5 171 (+2),
Алматы облысында – 4 891 (+2),
Жамбыл облысында – 4 071 (+3),
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 906 (+12),
Павлодар облысында – 3 814 (+7),
Қостанай облысында – 3 383 (+10),
Маңғыстау облысында – 3 333 (+3),
Ақмола облысында – 3 367 (+9),
Қызылорда облысында -3 231 (+0)
Түркістан облысында – 3 297 (+11),
Ақтөбе облысында - 3 212 (+2).

Елде Covid жұққаны ПТР-тестімен расталғандар 105 408 адамға жеткен. Наурыз айынан бері кемінде 1554 адам Covid-тен қайтыс болған. 95 253 науқас жазылған.

Коронавирусқа байланысты адам өлімі туралы деректі министрлік бөлек жариялап жүр. Вирусқа шалдыққандар саны азайғанмен елде коронавирустан қайтыс болғандар саны азаймай отыр. 25 тамызда пневмония қоспағанда коронавирустан – 10 адам, 24 тамызда 11 адам қайтыс болған.

Қазақстанның ресми орындары берген Covid статистикасының дәлдігіне күмән келтіретін адамдар да бар. Көктем және жаз айларында денсаулық сақтау министрлігі ауру белгісі жоқ коронавирус жұққан адамдарды жалпы статистикаға қоспауға талпыныс жасаған кезде кейбір мамандар ведомство осылайша елдегі коронавирус ахуалын жасырғысы келеді деп айыптаған, ал министрлік жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG