Accessibility links

Ақтөбеде белсенділер 15 жыл қамауда отырған Арон Атабекті босатуды талап етті


Kazakhstan - Civil activists demand release of dissident Aron Atabek. Aktobe, 31 January 2021
Kazakhstan - Civil activists demand release of dissident Aron Atabek. Aktobe, 31 January 2021

Бүгін, 31 қаңтар күні 15 жыл қамауда отырған ақын әрі диссидент Арон Атабек 68 жасқа толып отыр. Ақтөбеде бір топ азаматтық белсенді диссиденттің туған күніне орай наразылық акциясы өткізіп, биліктен оны босатуды талап етті.

Бұлбұл Шаимова наразылық акциясы кезінде. Ақтөбе, 31 қаңтар 2021 жыл.
Бұлбұл Шаимова наразылық акциясы кезінде. Ақтөбе, 31 қаңтар 2021 жыл.

– Мен Қазақстан билігінен Арон Атабек пен өзге де саяси тұтқындарға бостандық берілуін талап етемін! Билік азаматтық белсенділерді қудалауды тоқтатсын! Үнемі ұсталып, полиция учаскесінде сағаттап уақыт өткізгендер қатарында мен де бармын, – дейді акцияға қатысушылардың бірі азаматтық белсенді Бұлбұл Шаимова.

Арон Атабек 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған. Билік оны "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" және "жас полицейді өлтіруге қатысты" деп айыптады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқындар қатарына жатқызады. Былтыр Атабек саусақтарын бүге алмайтынын айтып, мүгедек деп тануды сұраған.

Шаңырақ оқиғасы: қалай болды және немен бітті

2006 жылы 14 шілдеде Алматының іргесіндегі Шаңырақ елдімекенінің тұрғындары "жерді рұқсатсыз иеленіп алдыңдар" деп, үйлерін сүру үшін полиция апарған билікке қарсылық көрсетті. Қақтығыс кезінде үстіне өртелген 24 жастағы полиция қызметкері көз жұмды.

Билік оның өліміне бірнеше тұрғын мен сол күні Шаңырақта болған ақын әрі диссидент Арон Атабекті кінәлі деп тапты. Арон Атабекті – 18 жылға, Құрманғазы Өтегеновты – 16 жылға, Ерғанат Тараншиевті – 15 жылға, Рүстем Тұяқовты – 14 жылға соттады. Соңғы аталған екі азамат 2018 жылы мерзімінен бұрын босап шықты. 2013 жылы Өтегеновтың жазасына түрме әкімшілігі қызметкерлерінің "заңды талабына бағынбау" айыбы бойынша тағы екі жарым жыл қосылған.

Арон Атабек жылдар бойы жазасын тұтқындалғанға дейін тұрып келген Алматы қаласынан алыс орналасқан түрмелерде өтеді. 2014 жылдың сәуірінен бастап ол Павлодардың уақытша тергеу изоляторында отырды. Атабек ол жерге Қарағанды облысы Қаражал қаласындағы колониядан этаппен жіберілген. Оны екі рет Қостанай облысы Арқалық қаласындағы "жабық" түрмеге салып жазалаған. Бұл – өмір бойына бостандығынан айырылған азаматтар жазасын өтейтін, "түрме ішіндегі түрме" іспетті мекеме.

2021 жылы күзде денсаулығына байланысты босатылған диссидент, ақын Арон Атабек түрмеден шыққаннан кейін көп ұзамай ауруханада қайтыс болды. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен жергілікті белсенділер оның өліміне билікті кінәлап, түсініктеме беруді талап етті.

Ақтөбелік белсенділер сондай-ақ Қытайдағы саяси қуғын-сүргіннен қашып, Қазақстаннан босқын мәртебесін алған этникалық қазақ Қайша Ақан мен Мұрагер Әлімұлының бір күнде соққыға жығылуын кездейсоқ жағдай емес деп есептейтінін мәлімдеп, этникалық қазақтардың қудалануына наразылық білдірді.

Жанна Исмурзаева наразылық кезінде. Ақтөбе, 31 қаңтар 2021 жыл.
Жанна Исмурзаева наразылық кезінде. Ақтөбе, 31 қаңтар 2021 жыл.

– Қайша мен Мұрагер соққыға жығылды. Одан бұрын Қытайдан келген қазақ Салтанат Құсманқызы заңсыз сотталып кетті. Бұл – биліктің Қытайға жағыну үшін жасаған әрекеті. Егер үкімет пен президент Қытайға бас игісі келсе, ел азаматтығынан бас тартсын! Біз Қытайда саяси қуғын-сүргін көруші этникалық қазақтар тағдырына бей-жай қарай алмаймыз, – дейді белсенді Жанна Есмұрзаева.

"Пышақ жұмсап, тепкіледі". Қытайдан қашқан екі қазақ шабуылға ұшырады, 22 қаңтар 2021 жыл.

"Пышақ жұмсап, тепкіледі". Қытайдан қашқан екі қазақ шабуылға ұшырады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

Наразылық акциясы жарты сағатқа созылды. Акция кезінде полиция қызметкерлері байқалмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG