Accessibility links

Адвокат: Орхан Инандының қолына түрмедегі ауруханада ота жасалған


Қырғызстандағы халықаралық "Сапат" білім беру мекемесінің президенті Орхан Инандыға Түркиядағы түрменің ауруханасында ота жасалды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне оның адвокаты Халил Ибрагим Йылмаз хабарлады.

Оның айтуынша, Инандыны ұрлаған уақытта оның қолы сынған. Қазір ол отадан кейін әл жинап жатыр.

Адвокат қылмыстық іс материалдарымен танысып жатқанын айтты. Соттың алғашқы отырысы 16 қыркүйекте өтеді.

Түркияда Анкара прокуратурасы Орхан Инандыны 15 жылдан 22 жарым жылға дейін соттауын сұраған. Оған "қарулы террористік ұйымды басқарды" деген айып тағылған. Прокуратура істі сотқа тапсырды.

Мұның алдында адвокат Инандының өзін ұрлаған адамдарды білмейтінін айтқан. Үш қырғыз оны ұстап, көзін байлап, бірнеше сағат бойы көлікпен жүріп, ұшаққа отырғызған.

Орхан Инанды – Түркия тумасы, Қырғызстанға 1995 жылы келген, 2012 жылы Қырғызстан азаматтығын алған. Ол халықаралық "Сапат" білім беру мекемесін басқарды. Оған 16 лицей, халықаралық "Ала-Тоо" университеті, халықаралық UWIS мектебі және төрт толық емес жалпы білім беру мектебі қарайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG