Accessibility links

Сауд Арабиясы індет кезінде қайтыс болған әрбір дәрігердің отбасына $133 мың көлемінде өтемақы төлей бастады


Медицина қызметкері тұрғынға коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр.
Медицина қызметкері тұрғынға коронавирусқа қарсы вакцина салып жатыр.

Сауд Арабиясы коронавирус індетімен күресіп, қайтыс болған әрбір медицина қызметкерінің отбасына 133 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлей бастады. Бұл туралы 8 тамызда Сауд Арабиясының мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады.

БАҚ-тың жазуынша, үкімет денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, коронавирустан қайтыс болған адамның отбасына 500 мың риял (133 мың доллар – ред.) көлемінде өтемақы төлейді. Өтемақыны мемлекеттік немесе жеке клиникада істеген, азаматтық немесе әскери салада еңбек еткен марқұмның отбасы ала алады. Билік қызметкерлердің азаматтығына да қарамауға уәде берген.

Мемлекеттік SPA ақпарат агенттігінің жазуынша, олар "Араб әмірлігіндегі азаматтар мен тұрғындардың денсаулығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өмірін сарп еткен".

Билік індет басталғалы бері 8320 адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі олардың арасында қанша дәрігер барын нақтыламаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG