Accessibility links

WNA: 2020 жылы Қазақстанның уран өндірісі бірінші орында болған


2020 жылы Қазақстан 19,8 мың тонна уран өндірген. Бұл - былтыр әлемде өндірілген уранның шамамен 41 пайызы, деп хабарлады Дүниежүзілік ядро қауымдастығы (WNA).

Уран өндірісі бойынша Австралия екінші орынға шыққан, былтыр бұл елде 6,2 мың тонна уран өндірілген. Үшінші орында – Намибия (5,41 мың тонна), төртінші орында Канада (3,88 мың тонна) тұр. Өзбекстан бесінші орын алды (3,5 мың тонна).

WNA мәліметі бойынша, 2012 жылдан бері Қазақстанның уран өндірісі 21 мың тоннаға артып, 2016 жылы 24,6 мың тоннаға жеткен. WNA мәліметінше, 2019 жылы әлемде өндірілген уранның 85 пайызы 10 ірі компанияға тиесілі, олардың арасында "Қазатомпром" да бар.

Қазақстанның уран қоры - 907 мың тонна (әлемдегі қордың 15 пайызы). Шикізат негізінен Қытайға, Ресей мен Канадаға экспортталады.

2020 жылы әлем нарығында уранға сұраныс коронавирус пандемиясына байланысты төмендеген. Соған байланысты Қазақстан уран өндірісі көлемін екі жыл азайта тұруды ұсынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG