Accessibility links

АҚШ қытайлық байланыс операторының қызметіне тыйым салды


АҚШ пен Қытай тулары.
АҚШ пен Қытай тулары.

АҚШ "ұлттық қауіпсіздікті" алға тартып, елдегі ең ірі үш байланыс операторының бірі қытайлық China Telecom Ltd бөлімшесінің қызметіне тыйым салды. Мұндай ақпарат Вашингтон мен Пекин арасында жағдай ушыққан шақта хабарланып отыр.

АҚШ федералдық коммуникация агенттігінің 26 қазан күнгі бұйрығында компанияның 60 күн ішінде қызметін тоқтатуы тиіс екені жазылған. Агенттік аталған компанияны Пекин АҚШ коммуникация жүйесіне залалын тигізіп, тыңшылық пен өзге де зиянды әрекеттерін жасау үшін пайдалануы мүмкін деп қауіптенеді.

Компания басшыларының тікелей қытай үкіметіне бағынуы ұлттық қауіпсіздік пен құқық қорғау саласына едәуір қауіп төндіреді делінген агенттік мәлімдемесінде.

АҚШ Тайвань, Гонконг, адам құқығы, сауда, технология және өзге мәселелер бойынша Қытайға тұрақты түрде қысым жасап келеді. АҚШ президенті Джо Байден бұрынғы президент Дональд Трамп кезінде басталған қытай фирмаларының Америка технологиясы мен нарығына ену бойынша шектеулерді күшейткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG