Accessibility links

Сауалнамалар Ресей халқы Путин мен Украинадағы соғысты қолдайды дейді. Бұл рас па?


Ресей президенті Владимир Путин Қырым аннексиясының сегіз жылдығына арналған митинг-концертте. Лужники стадионы, Мәскеу, 18 наурыз 2022 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Қырым аннексиясының сегіз жылдығына арналған митинг-концертте. Лужники стадионы, Мәскеу, 18 наурыз 2022 жыл.

Ресейдегі мемлекеттік және тәуелсіз әлеуметтанушылар жүргізген сауалнамалар қорытындысы Ресейдің Украинаға басқыншылығынан кейін президент Владимир Путин мен оның үкіметін қолдаушылар көбейгенін аңғартты. Бірақ бұл қолдау зерттеу көрсеткендей болмауы мүмкін.

"РЕСЕЙЛІКТЕР ШЫНЫН АЙТЫП ОТЫР МА?"

Осы күндері Ресей мемлекеттік телеарналары шынайы жағдайды емес, Украинадағы "арнаулы әскери операция" жайлы жиі көрсететін болған. Ресей қанша сарбазынан айырылғаны әзірше белгісіз. Билік баспасөз құралдарына "соғыс" пен "басқыншылық" сөздерін қолдануға тыйым салған. Ал 18 наурызда мемлекеттік телеарна президент Владимир Путиннің Мәскеудегі адам толы Лужники стадионында Қырым аннексиясының сегіз жылдығына арналған митинг-концертте сөйлеген сөзін тікелей эфирден берді.

Соғыс басталғанына алты апта болып, жалған ақпарат тарату өршіп тұрғанда мемлекеттік агенттік жүргізген сауалнама қорытындысы Путинді қолдаушылар көбейгенін көрсетті.

Өткен аптада "Левада-центр" тәуелсіз әлеуметтанушылар орталығының сауалнамасының қорытындысы да қорытындысы да осыған ұқсас болды. Ресей халқы Путиннен шаршаған болар деп күткен адамдардың үміті ақталмады.

Ресей армиясы Украинаға қарсы шабуыл бастады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:22 0:00

Бірақ Ресейдің әлеуметтік тенденцияларын бақылаушылар, ғалымдар мен әлеуметтанушылар "Левада" орталығының сауалнамасы басқа жағдайдың шетін шығарғанын айтады. Олар Ресей халқы әлеуметтанушыларға пікірін ашық айтудан қорқады дейді.

Лондон экономика мектебі 6 сәуірде жарияланған баяндамада Ресейдегі қоғамдық пікірді анықтау кезіндегі респонденттердің "пікір бұрмалауы" жайлы қарастырған. Олар сауалнамаға қатысушылар шынайы көзқарасын, қазіргі жағдайда Путин, оның үкіметі мен соғыс жайлы ой-пікірін саяси себептерге бола жасыра ма деген мәселені қарастырған.

"Қуғын-сүргіннен қорқу [респонденттердің] пікірін бұрмалап жеткізуге әкелетіні белгілі. Адамдар өзі қарсы болса да, қолдайтынын айтады. Бұл аталған механизмнің оңай жүйе емес екенін көрсетеді, – деп жазады зерттеушілер Филипп Чапковский мен Макс Шауб. – Ақыр соңында олар өз ойын ашық айтудан тартынса, шынымен қандай көзқараста екенін жасырған-жасырмағанын да айтуы екіталай".

Эксперимент кезінде зерттеушілер "Толока" деп аталатын, Ресей жасаған онлайн әлеуметтік құралды қолданған. Үш мыңнан астам адамнан жынысы бір адамдар арасындағы неке, абортқа шектеу қою, Украинадағы соғыс, кедей азаматтарға жәрдемақы төлеу секілді төрт әлеуметтік мәселенің қайсысын қолдайтынын сұраған. Респонденттер жауабында нақты атамай, тек қаншасын қолдайтынын көрсеткен.

4 сәуірде әлеуметтанушылар "тізім эксперименті" деп атайтын сауалнамада респонденттердің жартысына үш тармақтан тұратын тізім беріп, Украинадағы соғыс жайлы сұрақты алып тастаған. Ал қалған жартысына берген тізімге Украинадағы соғыс жайлы сұрақты қосып, төрт пункт қылған.

Зерттеушілер респонденттерге "Соғысты қолдайсыз ба?" деген сұрақ та қояды.

Ескерту! Суреттерде қан және басқа да зорлық белгілері бар.
Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін Харьков қаласы маңында шайқаста қираған ресейлік әскери техника жанында өліп жатқан әскери киімдегі адам. Украина, 24 ақпан 2022 жыл.
Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін Харьков қаласы маңында шайқаста қираған ресейлік әскери техника жанында өліп жатқан әскери киімдегі адам. Украина, 24 ақпан 2022 жыл.
This image contains sensitive content which some people may find offensive or disturbing - Click to reveal
Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін Харьков қаласы маңында шайқаста қираған ресейлік әскери техника жанында өліп жатқан әскери киімдегі адам. Украина, 24 ақпан 2022 жыл.

Ресейліктерден "Соғысты қолдайсыз ба?" деп сұрағанда, олардың 68 пайызы "иә" деп жауап берген. Бірақ тізім экспериментін қолданғанда соғысты қолдаушылар 53 пайыз болған.

"Соғысты қолдау жайлы сұрағанда ресейліктер шынын айтып отыр ма? – деп жазады зерттеушілер. – Экспериментімізге сүйеніп, олай емес екенін нық сеніммен айта аламыз".

"Қалай болғанда да, біздің жағдайда ресейліктер соғысқа қалай қарайтынын жасырып отыр" деді олар.

БҰРМАЛАНҒАН ПІКІР

Ресейліктердің көбіне Ресей әскері сәтсіздікке ұшырап жатқан Украинадағы соғыс жайлы толық ақпарат жетпейді.

Ресей әскері Киев маңынан кетті. Соғыстың алғашқы күндері Кремльдің басты мақсаты да сол жерлер деп айтылған еді. Ресей әскері бірде-бір ірі қаланы, оның ішінде үздіксіз шабуылдан сау-тамтығы қалмай қирап, босап қалған Мариупольді ала алмады.

Бұрмаланған пікір де бар: Украинадағы соғыста Ресейдің қаза тапқан сарбазының нақты қанша екені белгісіз немесе айтылмай отыр. Украина соғыста Ресейдің 18500 жауынгері өлді дейді. Ал АҚШ пен Батыс барлауы он мыңнан астам ресейліктің қаза тапқанын айтады.

Ресей қорғаныс министрлігі 25 наурызда жариялаған ресми мәліметінде 1351 адам қаза тапқанын хабарлады.

Украина сарбаздары соғыс барысында қираған ресейлік әскери техника жанында суретке түсіп тұр. Буча қаласы, Украина, 2 сәуір 2022 жыл.
Украина сарбаздары соғыс барысында қираған ресейлік әскери техника жанында суретке түсіп тұр. Буча қаласы, Украина, 2 сәуір 2022 жыл.

"Левада" сауалнамасы жарияланғаннан соң екі күннен кейін Твиттерде Kings College London университетіндегі Ресей жөніндегі бағдарлама директоры Сэм Грин оны сынады. Ол ресейліктер ойын ашық білдірмегенін, "Левада" респонденттердің қанша пайызы сауалнамаға қатысудан бас тартқанын жариялауы керегін айтты.

"Левада" орталығы мен оның директоры Денис Волков осы жөнінде сұраған Азаттықтың хаттарына жауап бермеді.

5 сәуірде Нью-Йорктегі халықаралық қатынастар кеңесі ұйымдастырған онлайн пікірталаста Волков Кремльді қолдау көрсеткіші артып жатқаны соғысқа дейін де байқалғанын айтты.

"Бұл таң қалдыратын сан емес деп ойлаймын, себебі ақпанда соғыс басталмай тұрып оған қатысты негізгі көрсеткіштер болды" деді ол.

Ол қаңтарда Ресей Украина шекарасына әскерін шоғырландырып жатқан кезде халық соғысты талап етпегенімен, "оған іштей дайын болды" дейді.

Волков 2014 жылғы жағдайды мысалға келтірді. Сол кезде де Путиннің Украинаның Қырым түбегін басып алу шешімінен кейін оны қолдаушылар күрт артқан еді. Бірақ ол Путинді жаппай бәрі қолдайды деуге келмейтінін де айтады.

"Әскери операция болсын, Путиннің жағдайында болсын, жаппай қолдау жоқ екенін ескеру керек деп ойлаймын, – деді Волков. – Ресейліктердің жартысына жуығы қолдайды, үштен бірі күмәнданады, кейбір респонденттер "Қазір не болып жатқаны ұнамайды, бірақ патриот болуымыз керек" дейді".

Лондон зерттеушілері Ресей билігі ауысқан жағдайда ол сыртқы қысымға емес, ішкі қоғамдық пікірге байланысты болады деді. Олар ресейліктердің бәрі Путинге немесе соғысқа қарсы емес екенін де атап өтті. Бірақ олар соғысты қолдау Путинді қолдауға байланысты емесін айтады.

"Соғысқа қарсы шығу Путинге қарсы шығу деген сөз емес. Оны қолдау деңгейі расымен осындай болуы мүмкін, – деді олар. – Өз ойын ашық білдіруге мүмкіндік берілген күннің өзінде басқыншылықты қолдайтын ресейліктердің көп болуы алаңдататын жағдай".

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG