Accessibility links

Қырғыз милициясы блогер Әділет Әли Мықтыбекті 48 сағатқа ұстады


Қырғыз блогері әрі Next TV телеарнасының штаттын тыс тілшісі Әділет Әли Мықтыбекті әлеуметтік желіде Әділет Балтабай есімімен танымал.
Қырғыз блогері әрі Next TV телеарнасының штаттын тыс тілшісі Әділет Әли Мықтыбекті әлеуметтік желіде Әділет Балтабай есімімен танымал.

Әлеуметтік желіде Әділет Балтабай есімімен танымал қырғыз блогері әрі Next TV телеарнасының штаттын тыс тілшісі Әділет Әли Мықтыбекті Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы 48 сағатқа ұстаған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне қырғыз оппозициялық саясаткері Раушан Жеенбеков хабарлаған.

Оның сөзінше, милиция Әділет Балтабайды "жаппай тәртіпсіздікке шақырған" деген күдікпен ұстаған.

Бұның алдында Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы бір азаматты Қырғызстан қылмыстық кодексінің 278-бабы ("Жаппай тәртіпсіздік") бойынша қозғалған іс аясында күдікті ретінде басқармаға жеткізгенін хабарлаған. Милиция оның аты-жөнін толық жазбай, А.Б. деп қана көрсеткен. Кейінірек ол азаматтың уақытша ұстау изоляторында отырғанын айтқан.

Әділет Әли Мықтыбек өзін жаппай тәртіпсіздік туралы қозғалған іс аясында тергеуге шақырғанын хабарлаған. Ол істі әуелде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті қозғап, кейін милицияға берген.

"Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған постарымның арасынан таңдап алған 20-30-ға жуығынан жаппай тәртіпсіздікке шақыру белгілерін көріпті. Оны сарапшылар растаған-мыс, бірақ мен оларды Ұлттық ғылым академиясы мен әділет министрлігінің кезекші сарапшылары деп санаймын. Сараптама қорытындысымен келіспеймін және тергеу кезінде де соны айттым" деді ол.

Әділет Әли Мықтыбекті бұған дейін де, 11 сәуірде осы іс аясында тергеуге шақыртқан. Жауап беріп шыққаннан кейін ол тергеушілер Next TV теларнасы туралы да сұрағанын айтқан. Блогер құқық қорғау органдарының тергеуге шақыруын өзінің оппозициялық қызметімен байланыстырған.

Әділет Әли Мықтыбек көпшілікке митингілер мен наразылық акцияларынан тікелей эфир жүргізетін блогер ретінде танымал.

Бішкек милициясы блогер Әділет Әли Мықтыбектің ұсталуына байланысты әзірге өзге ақпарат берген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG